» » » БАЙҚОҢЫРДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

БАЙҚОҢЫРДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ


Байқоңыр қалалық мәдениет сарайында «Ұшқыр ойлар» атты республикалық ақындар айтысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақ халқының ұлттық құндылығын ұлықтап, рухани бірлігін нығайтатын бұл шара көпшіліктің ықыласына бөленді.

Аталған айтысқа Қазақстанның мәдениет саласында танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасы төрелік етті. Қазылар құрамында Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, «Тұран» сыйлығының иегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серік Ыдырысов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Берік Саймағамбетов және «Серпер» сыйлығының иегері, Мәдениет саласының үздігі Нұрмат Мансұр болды.

Дүбірлі өнер додасын Алашқа әйгілі айтыскер ақын, үш мәрте «Алтын домбыраның» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.

Бас жүлде Қызылорда облысынан Бексұлтан Орынбасаровқа берілді. Бірінші орын Атырау облысының атынан қатысқан Фариза Жетпісбайға, екінші орын Ақтөбе облысынан Нұрбол Жауынбаевқа, ал үшінші орындар Шымкент қаласынан Аян Ниязбек пен Қармақшы ауданының ақыны Сырым Әділбекке табысталды.

Сонымен қатар, айтысқа қатысқан Мөлдір Айтбай, Мұхтар Қоңырбаев, Елдар Әмірхан, Бекзат Серіков және Сіламхан Мұхаметқан ынталандыру сыйлықақысына ие болды.

Шараның сәтті өтуіне қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртайға, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинге және Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек алғыстарын жеткізді.

Жырсүйер қауым айтыс өнерінің Байқоңырда қайта жанданғанына ерекше ықылас танытып, бұл шараның алдағы жылдары да дәстүрлі түрде жалғасын табуына сенім білдірді.

16 қараша 2024 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930