» » Торқалы 95 жылдықтың шашуы: "Құт қонған қасиетті Қармақшым" атты республикалық ақындар айтысы өтті

Торқалы 95 жылдықтың шашуы: "Құт қонған қасиетті Қармақшым" атты республикалық ақындар айтысы өтті


qarmaqshy-tany.kz Тамыры тереңге бойлаған қасиетті мекен Қармақшы ауданының құрылғанына 95 жыл толған торқалы той "Құт қонған қасиетті Қармақшым" атты республикалық ақындар айтысымен түндігін түрді.

Айтыс аламанының ашылуында сөз алған аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы 95 жылдық тарихы бар ауданның өткені мен бүгініне тоқталып өтіп, алдағы мақсаттарымыз бен биік мұраттарымызды бағамдады.

Сөз барымтасына ақын, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, "Құрмет" орденінің иегері, Ахмет Нешати атындағы халықаралық әдеби сыйлығының иегері Шәкизада Әбдікәрімов, мәдениет саласының үздігі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, айтыскер ақын Серік Ыдырысов, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағы Жамбыл аймақтық филиалының төрағасы, Шерхан Мұртаза атындағы руханият орталығының директор орынбасары, ақын Ахметжан Өзбековтер қазылық етсе, ақын, Алаштың Ақтаңгер ұлы Мұхтар Ниязов айтыс тізгінін ұстады.

Аудан халқын серпілтіп, дем берген аламанда қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Қызылордалық Нұрмат Мансұр, І орынды Арқалық қаласынан келген Айбек Қалиев алса, ІІ орынмен Шымкент қаласынан келген Біржан Байтуов марапатталды. ІІІ орынды Алматы облысынан Айым Асылбекқызы мен Қармақшы ауданынан Сырым Әділбековтер өзара бөлісті.

Тоқсан бес жылдық торқалы тойда сөзден өрмек өрген барлық қатысушы ақындарға тойдан тобықтай сый, ақшалай сыйақылар табысталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 қазан 2023 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930