» » Мұхтар Ниязов халықаралық айтыста бас жүлде алды

Мұхтар Ниязов халықаралық айтыста бас жүлде алды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық айтыс ақыны Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен халықаралық айтыстан бас жүлде алып қайтты.
Бұл жөнінде облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын», – деген қуанышты хабарын жеткізді басқарма басшысы.
Мұхтар Ниязов Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1985 жылдың 4 қарашасында дүниеге келген. Алғашқыда жазба ақын ретінде қалам тартқан ол айтыс өнерін аудандық оқушылар айтысына қатысудан бастады. Мұхтар облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Ол елімізде «Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері. Сондай-ақ, көптеген айтыста жеңімпаз болса, бірқатарында жүлдегерлер қатарынан көрінді.
24 шілде 2022 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930