Құрылтай
» » » «Нашақорлыққа жол жоқ!»

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

К.Рүстембеков атындағы аудандық Жыраулар үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» жобасы аясында жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті.

Кейінгі жас ұрпақты салауатты өмір салтын сақтауға шақыру, есірткі қолданудың теріс ұстанымын қалыптастыру, есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер әсерін жырға қосу арқылы зиянды әдеттен аулақ болуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған жазба ақындар мүшәйрасында 27 ақын бақ сынады. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің зияндылығын өз өлеңдері арқылы жеткізген ақындар ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі жайлы да жырлады.

Қазылар алқасының шешімімен Өтепберген Нұркелді бас жүлде, Орынбасаров Ердәулет І орын, Бекмырзаев Тұрарбек, Алмағанбетова Жанерке ІІ орын, Алдасүгірова Сырға, Ғалымжан Шәкизада, Тәңірбергенова Мөлдір ІІІ орын иленіп, барлық қатысушылар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.

14 қараша 2024 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31