» » » «Үздік көшбасшы – 2024» облыстық байқауы өтті

«Үздік көшбасшы – 2024» облыстық байқауы өтті


Аудандық мәдениет үйінде мәдениет қайраткері Сұлтан Сармолдин атындағы «Үздік көшбасшы – 2024» клуб директорларының облыстық байқауы өтті.

Шығармашылық байқаудың ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қармақшы ауданының мәдениет саласында ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарып, өнерге елеулі үлес қосқан Сұлтан Сармолдиннің еңбегі үлгі ретінде атап өтті.

Дәстүрлі өнер додасына Қызылорда қаласынан және 6 ауданнан клуб директорлары қатысып, өзара бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Шиелі ауданы, Байсын ауылдық мәдениет үйінің директоры, І орын Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық клубының директоры, ІІ орын Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық клубының директоры, ал ІІІ орын Жалағаш ауданы, М. Шәменов ауылдық мәдениет үйінің директорына беріліп, бағалы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсімінің соңында Сұлтан Сармолдиннің жары Күміс апай сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.

09 қараша 2024 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 749
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 111

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 477

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031