» » Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда



АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АУДАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АРДАГЕР СҰЛТАН САРМОЛДИН ЖҮЛДЕСІ ҮШІН «ҮЗДІК ЖАС МАМАН – 2021» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ.
Әуелі сахнадан мәдениет майтал­манының өмірі мен шығармашылығына арналған видео көрсетілді. Жырау Әйгерім Ешбаева Сұлтан ағамызға арналған ақын Ибрагим Бекмахановтың «Көшбасшы кемеңгердің бірі едің» атты арнау жырымен сахна шымылдығын түрді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында әр ауыл, аудан, қала, облыс туған жерге, елге еңбегі сіңген азаматын ашық түрде шығаруы тиіс. Сонымен бірге, белгілі өнер адамдарының сала бойынша жеткен жетістіктерін халыққа паш ету қажет. Тұлғаларға қарап ел бой түзейді» деп атап көрсеткендей, Қармақшы жерінің де қадір тұтар азаматтары жетерлік. Солардың бірі – Сұлтан Сармолдин.
Өңірдің мәдениет саласында жарты ғасырдан астам уақыт басшылық қызмет жасаған өнер жанашыры, мәдениет қайраткері, ұлт өнерінің жаршысы, «Сырдың сырбаз Сұлтаны» атанған біртуар тұлғаның өнегелі жолы баршаға үлгі.
Ардагердің Сыр өңірінің рухани-мәдени өміріне сіңірген еңбегі еленіп, туған топырағы Дүр Оңғар ауылында 2015 жылдан бастап облыстық деңгейде «Үздік клуб – 2015», «Үздік клуб меңгерушісі – 2017», «Үздік көшбасшы – 2019» клуб қызметкерлерінің кәсіби байқауы жоғары дәрежеде ұйымдастырылып келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, «Үздік жас маман – 2021» облыстық байқауының куәсі болдық. Оған облысқа қарасты барлық ауданның бетке ұстар жас мәдениет қызметкерлері қатысты. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Жандос Қойшыбаев құттықтау сөз сөйлеп, талапкерлерге сәттілік тіледі.
Арал ауданы, Қызылжар ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Айтуған Сембаев, Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гүлнар Мырзалиева, Шиелі ауданы, Арман кенттік мәдениет үйінің аккомпаниаторы Өміржан Мінуаров, Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің әдіскері Перизат Мәденова, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылдық клубының көркемдік жетекшісі Азамат Әлтаев, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жадырасын Смағұл, Сырдария аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ақбота Талғатова, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі Мөлдір Аманбекова өзара сынға түсті. Тартымды өткен байқау 5 сағатқа созылды. 4 кезең бойынша өнер көрсеткен мәдениет мамандарының ізденісі мен шығармашылығын бағалау үшін мәдениет саласының ардагері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Тілеген Бекарыстанов, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Раушан Үмбетова, жырау, мәдениет саласының ардагері, «Мәдениет саласының үздігі», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері Бидас Рүстембеков қазылық етті.
Қазір техниканың дамығаны, жастардың жаңашылдығы, өнер са­йысына тыңғылықты дайындықпен келгені көпті қуантты. Бірі тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді көрініс арқылы суреттесе, бірі С.Сармолдин ағаға арнап өлең оқыды. Бірінен бірі оза шапқан додада шын мықтыны анықтау да оңай болмады.
Қорытындысында «Білікті маман» номинациясын Сырдария ауданынан келген Ақбота Талғатова, «Өнерлі маман» номинациясын жаңақорғандық Перизат Мәденова, «Ізденімпаз маман» номинация­сын қазалылық Жадырасын Смағұл, «Үздік шығармашылық иесі» номинациясын аралдық Айтуған Сембаев иеленді. Ал жүлделі ІІІ орынды жерлесіміз Азамат Әлтаев, ІІ орынды шиелілік Өміржан Мінуаров, І орынды жалағаштық Гүлнар Мырзалиева, бас жүлдені Қызылорда қаласынан келген Мөлдір Аманбекова иеленді.
Байқаудың І орнына арналған жүлдені «Жаңажол» ЖШС өкілі Серік Сапақов табыстаса, бас жүлде, музыкалық аппаратты Сұлтан әкеміздің отбасы ұсынды. Жас мамандар байқауында сөз алған белгілі азаматтың жары Күміс Тасболатова «Қали Шыңғысовтың «Өлді ме адам, өлген жоқ келіп кетті» демекші, Сұлтекең 2 жылда бір келіп-кетіп, жанымызда жүргендей. Оның еңбегін бағалаған халқыма рақмет. Осындай байқауды ұйымдастырған облыстық мәдениет басқармасына, аудандық мәдениет бөлімі мен мәдениет үйіне алғысымды білдіремін» деді. Аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов аға туралы естелік айтып, байқаудың тартымды өткеніне тілегін білдірді.
Мәдениет саласындағы жас маман­дардың өз кәсібіне үлкен жауапкер­шілікпен қарауға баулыған байқау осылайша өз мәресіне жетті.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)
16 қараша 2021 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031