» » ДҮР ОҢҒАРДАҒЫ ДҮБІРЛІ ДОДА

ДҮР ОҢҒАРДАҒЫ ДҮБІРЛІ ДОДА

Ойға терең, сөзге шешен, мәдениет пен өнердің жанашыры болған  Сұлтан Сармолдин – қайталанбас тұлға. Себебі ол  өмірге құштар, өнерге іңкәр, ұлт мұрасына адал жан болды. Жарты ғасырдан астам ғұмырын   жыраулар отанының мәдени-рухани  кемелденуіне жол ашқан көшбасшылық та осы кісінің бойынан табылатын. Сол себептен де елоған «Сырдың сырбаз Сұлтаны» деген мерейлі атақ берді.
Дүр Оңғар ауылында  еске алуға арналған облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орта­лығы мен аудан әкімдігінің ұйымдас­ты­руымен Қармақшы ауданының құрметті азаматы, Сұлтан Сармолдин атындағы «Үздік көшбасшы – 2019» клуб кәсіпорындары директорларының облыстық байқауы өтті. Дүр Оңғар – сырбаз Сұлтанның кіндік қаны тамған жері. Атағы алты алашқа әйгілі даңғайыр жырау Дүр Оңғар Дырқайұлының есімін жаңғыртуға  оныңсіңірген еңбегі орасан.  Байқаудың мақсаты да сол – Арал мен қарт Қаратаудың аралығынан мәдениет саласына еңбегі сіңген  үздік көшбасшыны таңдау. Облыстық бәсекенің шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев бұл шараның өзгелерден ерекше екенін атады.
– Сұлтан Сармолдин  ағамыз  Сыр сүлейлерінің адамгершілік жолын  маңсұқ етіп,оларды өнер, жыр, ән-күй арқылы халыққа кеңінен насихаттады. Мәдениеттің нағыз жанашыры әрі майталманы атанған тұлға. Міне, Дүр Оңғар ауы­лында Сұлтекеңді еске алып, сала қызметкерінің басықосылғаны – оған көрсетілген шынайы құрмет, – деді ол. 
Байқауға мәдениет саласының ардагері Айша Менбаева, Үр­захия Махамбетова, сол секілді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының маманы Нышанкүл Мұхамедиева қазылық етті. Әр ауданнан сайысқа түскен талапкер жалпы IV кезең бойынша бақ сынады. Бірінші шарт – қатысушының  өзі жайында, атқарылған жұмысы мен қызметінің тыныс-тіршілігі ха­қында бейнеролик көрсету. Бұл кезеңде ерекше көзге түскен Жаңа­қорған ауданы, Түгіскен ауыл­дық клубының директоры Бақыткүл Тасқожаеваны атап өткен жөн. Бұл қойылым көрерменнің көңілінен шықты деуге негіз бар. Бейнероликтің сюжеті мағыналы. Клуб басшысы қызмет барысында ұйқыға кетеді. Түсіне алтын балық кіріп үш арманын орындайтынын айтады. Сонда басшы ауылдағы мәдениет үйіне жөндеу жұмысы мен қажет кемкетікті айтып, бір күрсінеді. Сонда алтын балық: «Бұл түсті көргеніңе қанша жыл болды? Сабыр... Жұмысыңды істе, бәрі жақсы болады», – дей бергенде түсінен шошып оянады. Байқау болатыны есіне түсіп барлық қыз­меткерін шақырады. Экран өшті. Ал қатысушы сахнаға шығып, билеп, әуелете ән шырқады. Одан соң талапкерлер «Ұлы даланың жеті қыры» мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қойылым қойды. Сахна театрланды. Расымен де рухани қуат алып, жиналған қауым бір серпіліп қалды. 
– Әкеміздің Сыр өңірінің рухани-мәдени өміріне сіңірген еңбегі еленіп, туған жері Дүр Оңғарда ауқымды шара өткеніне ризамыз. Ең алдымен ұйымдастырушыларға алғаусыз алғысымды білдіреміз. Өнер адамының өмір жолы қашан да келер ұрпаққа өнеге. Бұл тұрғыда С.Сармолдиннің қайталанбас қол­таң­басы өз ұрпағына ғана емес, баршаға үлгі болып қала бермек, –  дейді  ұрпағы Айдос Сармолдин.
Байқау қорытындысында ІІІ орын Бидайкөл ауылдық клуб үйінің директоры Қалимаш Сей­ділдаева  (Шиелі ауданы) мен Айдарлы ауылдық клуб үйінің директоры АнарҚалдыбаеваға (Сырдария ауданы) бұйырса, ІІ орынды Қаракеткен ауылдық клуб үйінің директоры Жасұлан Жәрменов иеленді (Жалағаш ауданы). Ал І орынды Төретам кенттік клуб үйінің директоры Әйгерім Айтжанова  (Қармақшы ауданы) бағындырса, бас жүлдені Түгіскен ауылдық клуб үйінің директоры Бақыткүл Тас­қожаева  (Жаңақорған ауданы) қан­­жығасына байлады. Сондай-ақ қызылжарма мәдениет үйінің директоры Рүстембек Қожабеков, Ақбасты ауылдық клуб директоры Қайсар Сералиев пен Өркендеу ауылдық клубының директоры Бо­латбек Рсалы алғыс хатпен марапатталып, барлық қатысушыға сый сияпат жасалды.
Айнұр ӘЛИ
Желідегі пікірлер
Алмас АЛМАТОВ, 
жырау:
– Сұлтан ағамыздың ұлағаты ұрпағына ұлассын. Алла, Күміс жеңгемізге денсаулық берсін. Өсіп-өнген отбасына бақ-береке тілейміз.

Шегебай ҚҰНДАҚБАЕВ,
қоғам белсендісі:
–  Жылына екі спектакль көріп тұрсақ. Әсіресе ауылға барып, жас­тар арасына кең тарату керек. Сол кезде олар да театр үйірмесін ұйымдастырады. Қызық әрі әсерлі нәрсе ғой театр деген.

Нұршат НАУРЫЗБАЕВА,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
 – Сұлтан ағайдың өнегелі өмір жолы көпке үлгі. Мәдениет саласына ерекше еңбегі сіңген азамат ретінде барша қармақшылықтар құрметтейтін тау тұлға!

Шахарбан НҰРТАЕВА,
желі қолданушысы:
 – Иә, Сұлтан ағаның мәдениет пен өнер саласын дамыту жайлы сұхбатын оқып, кеңесін тыңдап, рухани қуат алатынбыз. Өзі қарапайым, қазаққа тән сырбаз қалпынан өзгермейтін. Қашан көрсең де ерекше ықыласпен ақыл-кеңесін жастарға айтып отыратын. Өнер мен мәдениеттің дамуына жанашырлығы ерекше еді. Ең бастысы – рухани бай болатын.
17 шілде 2019 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031