» » Фотокөрме ұйымдастырылды

Фотокөрме ұйымдастырылды


"Жүз жыраудың Отаны" атанған қасиетті Қармақшы топырағының тумасы, өлке мəдениетінің өркендеуіне бар білігі мен білімін арнаған біртуар тұлға, өмірге құштар, өнерге іңкəр, ұлт мұрасына адал ардагер - Сұлтан Сармолдин. Ауданымыздың мəдени-рухани саласының кемелденіп, өсуіне өз үлесін қосқан өнер жанашыры.
Міне, осындай ардақты ардагеріміз Сұлтан Сармолдиннің жүлдесі үшін ағымдағы жылдың 11 қарашасы күні Қармақшы аудандық мəдениет үйінде облыстық байқау өткізілді. «Үздік жас маман - 2021» деп аталатын өнер байқауына 7 аудан мен Қызылорда қаласынан мəдениет саласының жас мамандары қатысты. Аталмыш шараға ат салысу мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлеріде Сұлтан Сармолдиннің жеке суреттері мен құжаттарынан фотокөрме ұйымдастырды. Көрмеге көрнекті мəдениет қайраткері Сармолдиннің сурет, құжаттарымен қатар қорда сақталған əуез аспаптарыда қойылды. Көрмені шараға келген кент тұрғындары мен байқау қатысушылары тамашалады. Аталмыш фотокөрмеде өнер жанашырының өмір дерегі мен еңбек жолы, жасаған игі істері мен атқарған қызметі жайында айтылды.
12 қараша 2021 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 955
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031