» » » «Заңғарым менің»

«Заңғарым менің»

Ауданның мәдениет саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, оның өлшеусіз үлес қосқан азамат Сұлтан Сармолдин ағамыз еңбек жолын 1958 жылы аудандық мәдениет бөлімінде моторист болып бастап, автоклуб меңгерушісі, мәдениет үйінің директоры, аудандық мәдениет бөлімінің аға инспекторы, аудандық кино жүйесінің директоры, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарып, 1995 жылы құрметті демалысқа шықты.
Ауданның киноландыру жүйесін басқарған жылдары облыс бойынша алдыңғы қатарлы мекеме ретінде сол кездегі ВЦСПС-тің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Аудан орталығында кинотеатр құрылысын салдырып, облыстағы бірден бір беделді кино мекемесі болды.
Мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметі кезінде ауданда жыр мектептерінің материалдық базасының жақсаруына, аудандағы мәдениет ошақтарының облыс бойынша жоғары көрсеткіштерге жетуіне зор еңбек сіңіргенінің куәсіміз.
С.Сармолдин өзінің бүкіл саналы ғұмырын Қармақшы ауданның мәдениет саласын дамытуға арнады. Қай қызметте болсын ол өзін білікті маман, шебер ұйымдастырушы, принципшіл басшы ретінде танытты. Ол өңіріміздің тарихы, этнографиясы, ұлттық өнері жайлы көп білетін ғұлама шежіреші де болатын. Сүлейлердің Отаны атанған Қармақшы жерінде Тәуелсіздік жылдарында ұлттық өнерімізді қайта жаңғыртып, жыршы-жыраулардың өшпес өнерін насихаттауға мұрындық болып жүрді. Өмірінің соңына дейін Қармақшы ауданының құрметті ақсақалы ретінде жастарға ақылшы, тәлімгер-ұстаз бола білді.
Кешегі өткен Көшеней, Қуандық, Орақ, Шәмшат, Айнұр сияқты жыраулардың да іздеушісі,  «Қармақшының тарихын жаза беріңдер» деп Отаншылдыққа үндейтін, еңселі Дүр Оңғар бабамыздың ескерткішін салдырып, басы-қасында жүрген де Сұлтан аға Сармолдин болатын. Ескерткіштің жобалаушысы – Ақтаулық сәулетші – Көпбол Демесінов 2009 жылдың 1 сәуірінде басталып 1 қыркүйегінде толық аяқталды. Сұлтан аға өз сөзінде: «Оңғар атаға орнатылған ескерткіш кешен бүкіл Сыр сүлейлеріне тұрғызылған символ деп түсінген жөн. Біздің ұлттық өнеріміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, қаймағы бұзылмай келе жатқан салт-дәстүрімізді бір ауданның, бір облыстың немесе бір аталықтың байлығы деп қарау қате. Бұл біздің ұлттық байлығымыз, ұлттық мақтанышымыз» деген еді. Қай мінбелерде де сөз алса Балқы Базар, Ешнияз салдан бастап, кешегі жиырмаға жетпей халқының көзайымына айналған Айнұр Ешбаеваға дейінгі бүкіл жырауларға тоқталатын. Бір ғана елдің, болмаса бір рудың қамын ешуақытта ойлаған емес. Сондай көпшіл, тек халықтың қамын ойлайтын.
Жаңажол елді мекенінің Дүр Оңғар ауылы болып аталуына да үлкен үлес қосты. 2009 жыл – ауданымызда Дүр Оңғар жылы болып аталуы, республикалық деңгейде іс-шара ұйымдастырылуы, аталған еңбектің арқасында 2010 жылы облыс әкімі мен облыстық мәслихат шешімімен Дүр Оңғар ауылы болып аталды.
Денсаулығының сыр бергеніне қарамастан үлкен іс-шара ұйымдастырды. Мүмкін, Дүр Оңғар бабамыз бен Сұлтан ағаны бір тылсым күш байланыстырып тұрған болар? Мүмкін, Сұлтан аға осы уақыттың «Дүрі» болар? Қазір «Дүр» сөзі қолданыста болмағаннан кейін, біз олай атай алмаған болармыз? «Дүр» сөзінің мағынасы «атақты», «даңқты», «аты шулы», «қымбат бағалы асыл зат» дегенді білдірсе, осы қасиеттің барлығы Сұлтан аға бойында бар еді. Бүкіл саналы ғұмырын облыс, аудан мәдениетінің дамуына арнаған өз ісінің білгірі, талапшыл, ізденімпаз, өз пікірін өңмендемей-ақ, кез келген жанның жүрегіне жол тауып, ел зердесіне құя білетін жандардың бірі еді. Ағамыз әлі де ортамызда болғанда мүмкін ауданда, облыста түрлі шаралардың өтуіне ұйытқы болар ма еді?!
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Сұлтан Сармолдин құрметіне «Ел мәдениеті  – Елбасы мерейі» тақырыбы аясында аудан мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген ардагер Сұлтан Сармолдин атындағы «Үздік клуб – 2015», «Үздік клуб – 2017», «Үздік көшбасшы – 2019» атты ауылдық клуб меңгерушілерінің кәсіпқойлық сайысы өткізілген болатын. Міне, бұл кәсіпқойлық сайыс екі жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде атап өтіліп келеді. Биылғы жылы да «Үздік жас маман – 2021» мәдениет қызметкерлері облыстық байқауы аталып өтілмек.
Сұлтан ағамыз жайлы бір ғана мақаламен бүкіл ғұмырын суреттеп шығу мүмкін емес. 2017 жылы ауыл азаматы Серік Сапақовтың редакторлығымен «Сырдың сырбаз Сұлтаны» атты естелік кітап жарық көрді. Кітапта С.Сармолдиннің шығармашылық белестері мен қойын дәптері жазбаларынан алынған үзік сырлар, кітап бетінде жарияланған материалдары, ол туралы лебіздер, ұлықтау жырлар, естеліктер қамтылған. Жалпы кітап Сұлтан ағамыз сияқты Сырдың сырбаз азаматтарын қадір тұтатын жалпы халыққа арналып шығарылды.
Ақын Ибрагим Бекмаханов ағамыз Сұлтан Сармолдин рухына арнаған «Заңғарым едің»  өлеңінде:
«Заңғарым едің,
Ағажан, аңғарым едің,
Тұғырдан көрді Дүр Оңғар ардағыңды елің.
Бүтіндейтін кім қалды жыртығыңды жұртым?
Түгендейтін кім қалды жан-жағыңды елің?!
Төбе би болып жүруші ең Төребай бидей
Таныды Алаш биіктен талғамыңды сенің!
Өнерге іңкәр, жанашыр тарланым едің,
Ақиқат үшін күрескен арланым едің.
Ұлтымның тілін, дәстүрін ұлықтай білген,
Білімдар, дегдар, сұңғыла, арланым едің.
Қайтейін енді, жұлдыздай жарық етіп сөндің,
Темірқазық секілді бағдарым едің,
Бақыл бол аға, Заңғарым менің!» деп тебірене жырлайды. Саналы ғұмырын туған елінің рухани өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Сұлтан Сармолдин ағамыздың есімі жалқы барда ешқашан ұмытылмақ емес!
Серік САПАҚОВ
10 қараша 2021 ж. 916 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031