» » » Аудан мерейі асқақтап, өнер-өнегеміз биіктеді

Аудан мерейі асқақтап, өнер-өнегеміз биіктеді

Қыркүйек айы ауданымызда мәдениет, өнер саласы үшін жетістіктерге толы болды. Атап айтқанда, Шиелі ауданында өткізілген ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары әдіскерлерінің облыстық байқауында Жаңажол ауылдық клуб үйінің әдіскері Руслан Шадаев жүлделі I орын иеленсе, Жалағаш ауданында Нәби Аймұратовты еске алуға арналған "ГҮЛІМСІҢ" атты облыстық әншілер байқауында Жаңажол ауылдық клуб үйінің көркемдік жетекшісі Алтай Азамат бас жүлде иеленді.
Сонымен қатар Жаңақорған ауданында өткен "ЖАС МАМАН - 2024" облыстық байқауында Жаңажол ауылдық клуб үйінің «Би» үйірмесінің жетекшісі Арыстанбекова Аймереке жүлделі I орын иеленіп, ауданын мерейін асқақтатты.
Сондай-ақ, Шиелі ауданында, Арзулла Молжігітовтың 95 жылдығына арналған “Арзулла ақын аманаты" атты облыстық әнші-термешілер байқауына К. Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің "Машарап Әли" жыр-терме үйірмесінің жетекшісі Ақсұңқар Бүркітбайқызы қатысып, жүлделі І орын мен марапатталып, Алдашбай ахун ауылында орналасқан "Ешнияз Сал" үйірмесінің шәкірті Елдес Мәди халықаралық "Бозторғай" балалар шығармашылығы байқауының ГРАН ПРИ жүлдегері атанды.

30 қыркүйек 2024 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 166
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 812

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031