» » » Қармақшыда облыстық байқау болып өтті

Қармақшыда облыстық байқау болып өтті

qarmaqshy-tany.kz Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Білікті маман – ел болашағы» атты мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары әдіскерлерінің облыстық байқауы болып өтті.
Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары әдіскерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шығармашылығын анықтау, мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру қабілетін байқау, үздік тәжірибелерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға 8 әдіскер қатысып, өзара бақ сынасты.
Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарының іс-қағаздарын жүйелі жүргізуге қалыптастыру, әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда инновациялық тәсілдерді қолданысқа енгізіп, жаңашылдыққа бағыттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени - продюсерлік орталығының басшысы Құрамысова Жанат Ашанқызы, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының сценарист-режиссері Бұрханова Орынкүл Балтабайқызы, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Жалағаш ауданы, Аққұм ауылдық клуб үйінің әдіскері Тұрабаева Айгүл бас жүлдемен, Қармақшы ауданы, Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы ауылдық клуб үйінің әдіскері Әбілтаева Ақлимаш І орынмен, Шиелі ауданы, Н.Бекежанов атындағы ауылдық мәдениет үйі әдіскері Еркінбайқызы Айгүл ІІ орынмен, Сырдария ауданы, Бесарық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Дүйсенбаева Маржан ІІІ орынмен марапатталды. Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табысталды.
21 тамыз 2023 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10236)

19 қыркүйек 2023 ж.

№73 (10235)

16 қыркүйек 2023 ж.

№72 (10234)

12 қыркүйек 2023 ж.

Оқиғалар

Қызық кісі екен өзі
03 сәуір 2023 ж. 3 853
Кімдікі жөн?

Кімдікі жөн?

30 наурыз 2023 ж.
Құрттың қоқымы

Құрттың қоқымы

05 наурыз 2023 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930