» » » Кітапханашы - Айкүнім

Кітапханашы - Айкүнім

Адам баласы өмір сүру үшін тәнін азықтандырады, ал толыққанды адам болу үшін тәнін ғана емес, жанын да азықтандыру керек. Жан азығын біз небір ғұламалар сан ғасырдан бері сусындап кеткен кітаптан аламыз. Кітап – қазына болса, кітапхана – қазына ордасы. Бұл дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Кітапта ата-бабадан жалғасып келе жатқан қаншама тарих, ғалымдар қалдырған еңбектер мен ақын-жазушылардан қалған сөз маржандары тізіліп тұр. Сол өлшеусіз қазынаны халыққа жеткізіп, ұсынып, насихаттаушы – кітапханашылар.
Қызығы мен қиындығы мол мамандық туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері.
Олар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Қазіргі заманауи кітапхана саласының мамандары тек кітап берумен ғана шектелмей, оқырмандарға басқа да қызмет түрлерін ұсынуда.
Айта кететін болсақ, халыққа қызмет көрсететін цифрлан дырылған ақпараттық орталық пен оқырмандардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалған «Коворкинг» орталығы жұмыс істеуде. Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.
«Әркім жұмақты әртүрлі елестетеді, маған ол әу бастан кітапхана бейнесінде елестейді» дейді, жазушы Борхес. Шынында да, кітапхананың адам ғана емес, тұтас адамзаттың өркениетті қоғамға қадам басуындағы рөлі орасан. Кітап – білім бұлағы болса, сол білімнің көзін ашар тұлға мұғалім мен кітапханашылар екені мәлім. Себебі күн сайын жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет, журнал, жаңа кітаптар және күн сайын келетін оқырмандар, оқытушылар, қызметкерлер легі толастамайды.
Жазушы Ә.Кекілбаев айтқандай, «Кітапхана мәңгілік пара саттың киелі мекені, ал кітапханашылар ешқашан жоғалмауға тиісті асыл қазынаның сақшылары».
24 қазан – жыл сайын кітапханашылар күні болып аталып өтуде. Мерекеге орай Төретам кентіндегі Жанқожа батыр атындағы No269 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Айкүнім Медеубаева туралы жазбаққа ниеттендік.
Ол 1967 жылы Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген. 1987 жылы Жезқазған мәдени ағарту училищесін бітірген соң, Қазалыдағы орталық кітапхананың балалар бөлімінде алғашқы еңбек жолын бастайды. Кейінірек 2018 жылы Аймақтық, әлеуметтік инновациялық университетінен білімін жетілдіреді.
Кітапханашылық қызметте 24 жыл еңбек өтілі бар Айкүнім Қосжанқызы бүгінде кітапхана меңгерушісі. Осы жылдар ішінде еңбегі еленіп, көптеген жетістіктерге жетті. Атап өтер болсақ, 2022 жылы облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбеттің еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі мен білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Құрмет грамотасымен, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Л.Есханованың Құрмет грамотасымен, 2023 жылы Қызылорда облыстық оқу орталығының (Әдістемелік кабинет) директоры С.Асқаровтың сертификатымен марапатталды.
– Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші тұлға ретінде аянбай еңбек етіп келемін. Кітапханамызда оқырмандарды кітап оқуға қызықтыру мақсатында атаулы мерекелерге арнап кітап көрмелерін жасап, түрлі бағытта іс-шаралар үздіксіз өткізіліп отырады. Айта берсек, кітапханада атқарылып жатқан еңбек аз емес. Мұның барлығы болашақ жастардың игілігі үшін жасалып отырған дүние. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылық пен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылардың мерекесі құтты болсын. Мерейлері үстем болсын. Еңбектері жана берсін! – дейді кітапханашы.
Қымбат қазынамызды көзінің қарашығындай сақтап жүрген, қызығы мен қиындығы қатар жүретін кітапханашы мамандығының қыры мен сырын меңгерген Айкүнім Қосжанқызына оқырман игілігі жолындағы істеріне сәттілік тіледік.
Қымбат БЕРДЕШ,
Төретам кенті
12 қазан 2024 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031