» » «Кітапханашы болу - бір бақыт»

«Кітапханашы болу - бір бақыт»

qarmaqshy-tany.kz Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Олар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.
Мектеп кітапханасы – мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана.
Биыл ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан № 833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді. Осы мерекеге орай 22 қазан күні Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектеп базасында тұңғыш рет «Кітапханашы болу-бір бақыт» тақырыбында Қармақшы аудандық мектеп кітапханашыларының мерекесі аталып өтілді. Мерекеге орай ұйымдастырылған шарада мектеп директоры Гүлнара Исақызы, аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Ақтолқын Каналбекқызы, кітапханашылар әдіскері Айгүл Әділбекқызы сөз сөйлеп, мерекелік шараға қатысушыларды құттықтап, облыстық, аудандық «Құрмет» грамотасымен, облыстық «Алғыс» хатымен, аудандық «Құрмет» грамотасымен кітапханашыларды марапаттады.
28 қазан 2022 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 595
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031