» » Кітапхана ісінің шебері

Кітапхана ісінің шебері

qarmaqshy-tany.kz РУХАНИ БАЙЛЫҚ ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАҒАНДА КІТАПТАН АСЫП КЕТЕ АЛМАЙМЫЗ. ӘРИНЕ, КІТАПТЫҢ ОШАҒЫ - КІТАПХАНА. ИӘ, КІТАП - АСЫЛ ҚАЗЫНА ДЕСЕК, КІТАПХАНА ІШІ ҚАЗЫНАҒА ТОЛЫ АЛТЫН САНДЫҚ ІСПЕТТЕС. КІТАПХАНА - ОҚЫРМАН ҮШІН ҮЛКЕН ТӘРБИЕ МЕКТЕБІ, ТҮРЛІ СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫН ТАБУҒА БОЛАТЫН КИЕЛІ ОРДА.

Бүгінгі өскелең ұрпақты білімге баулып, кітап оқуға шақырып жүрген жандар жетерлік арамызда. Солардың бірі – Алдашбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлшат Бектібаева. Ол – кітапхана саласында 26 жылдан аса еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған білікті маман. Кейіпкеріміз 1991-1993 жылдары Қаскелең мәдениет училищесінде білім алады. 2003-2006 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында оқиды. 1997 жылдан бері Алдашбай ахун ауылдық кітапханасында кітапханашы болып еңбек етіп келеді.
Гүлшат Бақытбекқызының қызметі көптің көңілінен шығып, оқырмандарының алғысына ие болып жүр. Кітапханашы үшін бұдан үлкен марапат, бұдан үлкен бақыт жоқ. Еңбегінің жоғары бағалануы өз алдына бір төбе. Жуырда ғана Қазақстан Кітапханалық Одағының «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
– Кітапхана жұмысы сырттай қарағанда көзге көрінбейтін, жасырын процесс. Қара жұмысының өзі оңай емес. Кітапханашыны да көп ешкім біле бермейді. Алайда, бұл саланың маңыздылығы ерекше екенін айта кеткен жөн. Білімнің екі қайнар көзі бар: бірі өмірдің өзі, екіншісі кітап. Бұрын да, қазір де осындай, болашақта да солай қала бермек. Біле білген кісіге нағыз кәсіби кітапханашы ұстазбен тең. Алайда, ондай деңгейге жету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Жақсы кітапханашы болу үшін біліктілік те, төзімділік те қажет, – дейді ол.
Оқырман мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана дейтін болсақ, кітапханашы бүгінгі заман ағымына ілесе отырып, оқырманның сұранысына сай барынша толыққанды ақпараттармен бөліседі. Әрі олар жас ұрпақтың өз Отанын, туған жерін шексіз сүйетін, елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын білімді, парасатты, жан-жақты дамыған, салт-дәстүрлерін қадірлейтін, оқырмандардың тұлға болып қалыптасуына, рухани дамуына өзіндік үлестерін қосуда.
Рухани құндылықтарға бай кітапхана өз бағасын қай кезеңде де жоғалтқан емес. Озық технологиялар дамып, қарыштаған кезеңде де кітапхана өз оқырманымен бағалы. Адамға білім азығын беріп қана қоймай, ішкі мәдениетін байытады.
Кейіпкеріміз жолдасы Берікпен бірге екі ұл, бір қыз өсіріп, тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Үлкен қызы Жадыра Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде экология мамандығы бойынша білім алып, бүгінде осы салада еңбек етіп жүр. Мағжаны – No111 мектептің 11 сыныбында оқыса, кенже ұлы Мақсат 9 сыныптың оқушысы.
Әр сала жұмысының өзіндік қиындығы мен қызығы қатар жүреді емес пе?! Иә, бұл туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі мол.
– Жан сарайыңды ашып, үнсіздікте кітап оқу айналаңызда отырған жандарды сыйлауға жетелейді. Кітапты парақтап оқығанға ештеңе жетпейді. Оны қолыңа алып қарағаныңның өзінде көзбен есте сақтауды арттырады. Кітап оқитын жастар жоқ деген сөзге қарсымын. Оған дәлел біздің оқырмандар. Жаңашылдыққа жаны құмартып тұрған кітапханаға келушілерді көргенде жаның жылиды. Кітап – білім бұлағы екенін ұмытпайық. Ол арқылы керек ақпаратты алып қана қоймай, өскелең ұрпаққа насихаттаймыз. Насихат үйден бастау алады. Ата-ана кітап оқыса, өсіп келе жатқан ұл-қыздар да қолына кітапты алары сөзсіз, – дейді кітапханашы.
Кітапхана саласының қиындығына төзіп, қуанышына қуана білген Гүлшат Бектібаеваның еңбегі көпке үлгі. Ендігі кезекте апайымызға іскерлік табыс пен денсаулық тілейміз. Өскелең ұрпақ бойына өнегелі тәрбие беруде аянбай еңбек ететін қызметкерлер қатары көбейе берсін.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
05 қаңтар 2023 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031