» » » Барлық байлық кітапта

Барлық байлық кітапта

Аудандық кітапханаға барған сайын кітапханашылардың ауызбіршілігіне, ұйымшылдығына тәнті болып қайтатынбыз. Ал мұндағы өткізілетін іс-шараның басы-қасында аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева жүретінін жиі аңғарамыз. Еліміздегі мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай білікті басшымен тілдесудің сәті түскен еді.
Өзі Көкшетау қаласына сапарлатып бара жатыр екен. Республикалық "Рухани қазына – 2021"  фестиваліне онлайн қатысып,  аудандық маңызы бар "Үздік балалар кітапханасы" номинациясы бойынша жүлдегерлер қатарынан табылыпты. Соның марапаттау рәсіміне балалар кітапханасының меңгерушісі Айнұр Амановамен бірге жолға шыққанын айтты. Жол үстінде болса да бізге арнайы уақытын бөліп, әңгімелескеніне риза болдық.
Кітапқа, әдебиетке бала күнінен қызыққан кейіпкеріміз мектеп бітірген соң  Алматыдағы Қыздар педагогикалық институтының "кітапхана ісі" факультетіне оқуға түседі. Институтты тәмамдаған соң Майлыөзек ауылдық кітапханасына жұмысқа орналасады. Араға бір жыл салып, аудандық кітапханаға библиограф болып ауысады. 1989-2003 жылдар аралығында кітапханашы библиограф, әдіскер, әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. 2003 жылдан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.
– Өмірдегі бар ұстанымым – адам болу, адал болу. Қайсыбір істе болсын сабырлық таныту. Ал ұжымда ең бірінші талап ететінім – тәртіп. Себебі қандай да бір істе болмасын ұқыптылықты жақсы көремін. Одан кейінгісі өтірік айтпау. Өтіріктің өрге баспайтыны бесенеден белгілі ғой, – дейді кейіпкеріміз сөз арасында.
Иә, кітапхана – білімнің мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтатын тағылымы мол тәрбие ошағы. Ал кітапханашы сол ошақтың ұйытқысы. Заманға сай кітапханашы жан-жақты болуы қажет. Ол іскер ұйымдастырушы, бағдарламашы, сценарист сынды бірнеше қызметті қоса атқаруға тиіс. 
Кітаптың ортасында жүрген соң оны жиі қолға алатын шығар деген сұрағымызды да қойған едік.
– Қазір кітап оқуға деген қызығушылық қоғамда бар.  Әрине, қолымыз қалт етсе кітап оқимыз. Оны жан-жақты талдаймыз. Түсінген, қадірін білген адамға бар байлық кітапта жатыр. Осы орайда оқырмандармен де жиі кездесу ұйымдастырып отырамыз. Соңғы оқыған кітабым талантты жазушы, дарынды драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның "Пешене" шығармасы, – дейді ол.
Кітапхана саласында ұзақ жыл еңбек еткен Гүлшара Қаниеваның еңбегі елеусіз қалған емес. Айталық, 2018 жылы ҚР мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапхананың, "Кітапхана саласының шебері" төсбелгісі және әр жылдары облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Г.Бөгенбайқызы отбасының берекесін ұйытып, балаларын өсіріп, жарының да қас-қабағын бағып отырған ардақты жан, аяулы әже. Отағасы Әскербек Ысқақов Ауған соғысының ардагері. Бүгінде екеуі екі ұл, бір қызды тәрбиелеп, олардан алты немере сүйген бақытты отбасылардың қатарында. Балаларының үлкені Самат мұнай саласында жұмыс істесе, келіні Индира – заңгер, Мұраты – мал дәрігері, келіні Алтынай – агроном болса, ал сүткенжесі Әйгерім Алматы қаласындағы Қазақ-Ресей медициналық университетінің 3 курс студенті.
Білікті басшы баршаның тілін табады. Кейіпкеріміз де дәл сондай жанның бірі. Қызметкерлерін үнемі ұйымшылдыққа, бірлікке үндеп отырады. Ал оқырмандарға деген ықыласы тым бөлек.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
22 мамыр 2021 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 162
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031