» » » «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы өтті

«Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы өтті

Бүгін Қармақшы аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалына қарасты «Теміржол» бастауыш ұйымының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары (9-16 жас) арасында партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені бойларына сіңіру және дамуына қолдау көрсету, жас таланттардың орындаушылық шеберлігін арттыру, жас ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу.
Байқау шымылдығын «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әділ Үсенұлы Қошалақов ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауда Жосалы кентінен және ауылдық округтерден жас таланттар бақ сынап, туған жер және отан туралы әндерді орындады.
Байқау жоғары деңгейде өтіп, сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының арнайы дипломдары мен алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
29 мамыр 2024 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 905
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 607

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930