» » "Сыр елім менің – жыр елім"

"Сыр елім менің – жыр елім"

"Сыр елім менің – жыр елім" атты жас термешілер фестивалі өткізілді.
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Шығармашыл зиялы қауыммен жұмыс» жаңа партиялық жобасы аясында «Сыр елім менің – жыр елім» атты аудандық жас термешілер фестивалі өтті.
Шараға Сыр елінің белгілі жыраулары Бидас Рүстембеков, Серік Жақсығұловтар және өнер сүйер жұртшылық, қоғамдық ұйымдар мен жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Фестивалді «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы ашып, «Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде шығармашылыққа толық қолдау көрсететін «Шығармашылық зиялы қауыммен жұмыс» жаңа партиялық жобасының мақсаты -шығармашылық адамдардың бастамаларын қолдау үшін жасалып жатқан жұмыс, бүгінгі заманның талаптарын еліміздің ұлттық тәрбиесімен біртұтас қарап, өзегіне айналдырған жаңашыл бастамалардың бірі екендігін жеткізді. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Раева Күлжауһар Төлегенқызы сөз сөйлеп, жас өнерпаздардың шығармашылығына сәттілік тілеп, өзінің жылы лебізін білдірді. Аудандық фестивальда жас термешілер өздерінің өнерлерін көрсетіп, фестиваль соңында барлық қатысқан жас термешілерге дипломдар табысталды.

26 қаңтар 2019 ж. 1 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031