» » » Ел Арнұрын еске алды

Ел Арнұрын еске алды

Уақыт деген бір орында тұрмайды емес пе? Ұрпақ жаңарып, дәстүр жаңғырып жатыр. Десе де осы өмірде орны бөлек, ұрпағына берері мол тұлғалардың ғұмырының келте болатыны өкінішті. Бір жыл бұрын дәстүрлі жыраулық өнерді жалғастыруға өмірінің соңына дейін қызмет етіп, өнер бәйгесінде оза шауып, ел мақтанышы болған тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы Арнұр Көшенейұлы фәни дүниеден озған еді. Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Асыл жырдың Арнұры» атты еске алу кеші өтті.
Тәлімі мен тағылымы мол кеш аудан өнерпаздарының прологімен басталды. Көрермен көзіне жас алдырған қойылым көпшілік көңілінен шықты. Алғашқы сөз аудан әкімі Жандос Еркінбекұлына берілді.
– Қасиетті Қармақшы өлкесі ақын мен жыраулықтың кең қанаты жайылып, өнегелі өріс тартқан, талаптыны өрге, таланттыны төрге көтерген киелі мекен. Осындай өлкенің біртуар перзенті, жасындай жарқыраған, кеше ғана жанымызда жүрген, Сыр сүлейлерінің ұрпағы, жырау Арнұр Көшенейді сағына еске алып отырмыз. Ол бар ғұмырын 27 жаста өмірден өткен әкесі Көшенейдің алға қойған арманмақсаттарын жүзеге асыруға жұмсады. Осы мақсат жолында жүріп «Жұлдыз боп аққан жыр ғұмыр» атты кітапты жарыққа шығарды. 2006 жылы республика бойынша тұңғыш рет біздің ауданда Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйі ашылды. Аудан орталығы мен елді мекендерден жыршы-жыраулар тәрбиелеп, жыраулық кластар ашылды. Оларды білікті жетекшілермен қамтып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға көптеген еңбек жасады. Республика және шет елдерде Сыр елінің мәдениеті мен өнерін дамытып, насихаттау барысында еселі еңбек етті. Біз аудан халқы Арнұр Көшенейдің шығармашылығын ұрпақтан-ұрпаққа жалғай береміз, – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ кеште Қызылорда қаласының Құрметті азаматы Рзақұл Сәденұлы, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы Талайлы Төребайқызы, ҚР Мәдениет қайраткері Берік Рахманұлы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, жырау Серік Жақсығұлов сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Бір жыл бұрын орталарында жүрген атпал азамат туралы сөз қозғау ешкімге оңай болмады. Десе де, артына өшпестей із қалдырып, өнегелі ісімен көпке үлгі болған Арнұр Көшеней туралы естеліктер әлі де айтыла бермек. Оның өнердегі екінші ғұмыры енді басталды.
Сыр сүлейлерінің мұрагері ұлықталған кеште елімізге белгілі жыршы-жыраулар өз өнерлерін көрсетіп, жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында жыраудың отбасы осы кешті ұйымдастырушыларға, Арнұр деп жиналған аудан халқына алғаусыз алғысын білдірді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
21 мамыр 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 511

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 583

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031