» » Дала дүлдүліне тағзым

Дала дүлдүліне тағзым

qarmaqshy-tany.kz Жыраулық өнерді мұрат етіп, ата-баба мақамын асыл қазынадай ардақтап, оны мөлдір күйінде жалғастырған жыраулар ұрпағы көп. Соның бірі – асылдың сынығы, тектінің тұяғы Арнұр Көшенейұлы.
Бүгінде жыр көгінде жұлдыз болып ерте ағып түскен сөз өнерінің саңлағы Арнұр Көшенейұлы туралы естеліктер аз айтылып жүрген жоқ. Ол көзі тірісінде жыршы-термеші әулетінің сынығындай боп алдыңғы буынның жолын жалғастырып, дәстүрлі өнерді өшірмеу жолында еңбек етті. Жыр жампозы Арнұр кім деген де, әріге бармайақ Жиенбай, Рүстембек жыраулардың сарқыты, Көшенейдің бел баласы, Сыр сүлейлерінің жалғасы деген болмыспен еске түседі. Иә, бұл халықтың берген бағасы. Арнұр Сыр елінің мәдениет саласына өлшеусіз еңбегін сіңірді. Жыраулық өнерді жандандырып, өзіндік дауыс ырғағымен тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, жырымен сусындатты. Еңбек жолында еліміздегі жас жыршы-термешілерге ұстаздық етіп, насихаттауды өзіне парыз етті.
Атадан аманат болған, жыраулық өнердің байрағын түсірмей, байламын босатпай жалғап келген Арнұр Көшенейұлының өмірден өткеніне де жылға жуықтады. Жақында аудандағы Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің ұжымы «Ғибрат» ас үйінде білікті басшы, жыр өнерінің майталманына арнап ас берді. Жиынға ауданның зиялы қауым өкілдері қатысып, естеліктермен бөлісті.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
04 желтоқсан 2023 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930