» » Белгілі жырау Арнұр Көшенейді еске алу кеші өтті

Белгілі жырау Арнұр Көшенейді еске алу кеші өтті


Қармақшы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің қолдауымен, Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің ұйымдастыруымен дәстүрлі жыраулық өнерді жалғастыруға ғұмырының соңына дейін қызмет етіп, өнер бәйгесінде оза шауып, ел мақтанышы болған тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы Арнұр Көшенейұлын еске алуға арналған «АСЫЛ ЖЫРДЫҢ АРНҰРЫ» атты еске алу кеші өтті.

Тәлімі мен тағылымы мол шараға аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысып, Арнұр Көшенейұлының өнегелі өмір жолы мен жыраулық өнерді дәріптеуге қосқан сүбелі үлесі туралы сөз қозғап, ізгі тілегін білдірді.

Сондай-ақ, кеште Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы» Ырзақұл Саденұлы, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы» Талайлы Төребайқызы, ҚР Мәдениет қайраткері Берік Рахманұлы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, жырау Серік Жақсығұлов сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.

Сыр сүлейлерінің мұрагері ұлықталған кеште елімізге белгілі жыршы-жыраулар өз өнерлерін көрсетіп, жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

16 мамыр 2024 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 578

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930