» » » Өнер иесіне — құрмет

Өнер иесіне — құрмет

qarmaqshy-tany.kz Аудандық жыраулар үйінде Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Өнегелі ұстаз – өнерлі шәкірт» тақырыбында кеш өтті. Ол Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», домбыра-прима класының мұғалімі Рашид Мұсаұлының зейнет жасқа шығуына арналды.
Өнер ұстазын аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова құттықтап, тілегін жеткізсе, домбыра класының мұғалімі Берік Аққалиев ұстазға арнау айтты.

– Өмірін өнер мен білімге арнап, шәкірт жүрегіне жол тапқан сізді мерейлі зейнет жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, еткен еңбегі мен көрген бейнеті, алған асуы, жеткен жетістігі болса, сіз сол шаққа жетіп отырсыз. Өнер жолында ұлттық аспапты дәріптеп, дәстүрді жоғалтпай үкілеп келе жатқан сізге деген құрметіміз зор. Қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып жүрсіз. Алдағы уақытта да шәкірттеріңіздің еңбектегі жемісіне куә болып жүруіңізге тілектеспіз, – деді білім бөлімінің әдіскері.

Ардагер ұстаз 1978-1982 жылы Шымкенттегі музыка училищесін бітіріп, сол жылы аудандағы әуез мектебінде алғаш еңбек жолын бастаған. 2009-2012 жылдар аралығында Қазақ-Қытай академиясының «Музыкалық білім» факультетін бітірген. Әдістемесі жетік, өз ісіне деген шеберлігінің арқасында 1996 жылы Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Рашид Ақназар 2000 жылы құрылған ұлтаспаптар ансамблінің белді мүшесі, сонымен қатар өнер мектебіндегі халық аспаптар бөлімінің жетекшісі. Ұстаздың қолынан түлеп ұшқан шәкірттері Сабыржан Салмырзаев Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы филармонияның директоры болса, Әсел Нұрғалиева, Гүлжан Өмірзақова осы оркестрдің құрамында. Ал Асыл Сәдуақасова Алматыдағы Құрманғазы атындағы академиялық оркестрде концертмейстер болып жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, Салтанат Жұмабаева Алматыда балалар «Фольклор» ансамблінің жетекшісі, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты. Одан бөлек қаншама шәкірті Қазақстанның түкпір-түкпірінде қызмет істеп, олар да шәкірт тәрбиелеп, аянбай еңбек етуде. Қазіргі таңда домбыра-прима класында білім алып жүрген Жансая Төлепберген, Балым Төлеуқұл түрлі байқаудан жүлделі орындар алып, мектеп мерейін асыруда.

Мерекелік шарада ұстаздың шәкірттерінің бірі, Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің домбыра-прима және жетіген аспабының мұғалімі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің әртісі Ақберген Тоғанасова арнайы құттықтай келіп, шәкірттерімен аспапта өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында ардақты ұстаз Рашид Мұсаұлы кешті ұйымдастырушыларға, шәкірттеріне өз алғысын білдірді.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
23 мамыр 2023 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031