» » » Жас мамандар бақ сынады

Жас мамандар бақ сынады


Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды қолдау мақсатында Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебінде жақында «Жас маман жаңа заман көзімен» атты сайыс өтті.
Онда жас ұстаздардың жан-жақты өз кәсіби шеберлігі, мәдениеттілігі, жұмысқа деген жауапкершілігі сарапқа түсті. Аталған шараға 5 жас маман қатысып, өз өнерін ортаға салды. Олар байқаудың әр кезеңіне тыңғылықты дайындалып, тағы бір қырынан танылды. Мамандар мың бұрала билеп, күй тартып, әуелеген әсем әнмен сайысты жандандырып, көрермен қошеметіне ие болды.
Қазылардың қорытындысымен домбыра класының мұғалімі Гүлжан Дембаева І орынды жеңіп алса, фортепиано класының мұғалімі Азат Ысқақ пен домбыра класының мұғалімі Айжан Тойбазарова ІІ орыннан көрінді. Ал ІІІ орынды баян класының мұғалімі Сұлтан Қалжан мен Мұхаммед Сәбитұлы қанжығасына байлады. Шара әсерлі де мәнді өтті.
Айгүл ДӘНИ
09 желтоқсан 2019 ж. 1 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930