Құрылтай
» » » БАБЫ ЖАРАҒАННЫҢ – БАҒЫ ЖАНАДЫ

БАБЫ ЖАРАҒАННЫҢ – БАҒЫ ЖАНАДЫ

Бұған дейін талай сайыстан бәйгемен оралып жүрген Т.Салқынбайұлы атындағы аудандық әуез мектебінің талантты шәкірттері жақында тағы да ерледі.
Арал қаласында талантты балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Ұлы Дала ұрпағымыз» атты республикалық өнер байқауынан бас жүлде иеленген айтулы мектептің екі бірдей оқушысы, домбыра аспабы бойынша орта топтан Айым Жалғас пен кіші топтан Шыңғыс Алтайұлы Алматыда ұйымдастырылған халықаралық өнер сайысына жолдама алған еді. Бәсі биік байқауда да жеңімпаздарымыз жүзден жүйрік шығып, І орынды қанжығасына байлады. Мәдени шарада шәкірттермен қатар, олардың ұстаздары Бағдагүл Мәденова мен Рыскүл Табынбаева да дарынды шәкірт дайындағаны үшін алғыс хатпен мадақталды.
Алда басқа да сайыс күтуде. Әрбір сәтті қалт жібермейтін ұстаз бен шәкірт қызу дайындыққа кіріскен.
Жұлдыз МӘДЕНОВА,
әуез мектебінің мұғалімі.
17 сәуір 2019 ж. 1 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31