» » » МАРАЛДЫҢ МЕРЕЙІ

МАРАЛДЫҢ МЕРЕЙІ


     Әр 3 жыл сайын музыка, өнер мектептері арасында өтетін «Жас музыкант» фестиваль-конкурсы биыл да үлкен дайындықпен ұйымдастырылды. Аудандық әуез мектебіндегі түрлі үйірмелерге қатысушы өнерпаздар бұл байқауды ұзақ күтіп, ерекше дайындалды. Домбыра, домра-прима үйірмелерінің жетекшісі Рашид Ақназардың дарынды шәкірті Марал Әбдіжәмитова 52-ші рет өткізіліп отырған аталмыш байқауға қатысып, бағы жанғандардың бірі.  Ол облыстық кезеңде бас жүлде иеленіп, республикалық фестивальге жолдама алған еді. Жақында ғана 16 облыстан 400-ден аса өнерпаз қатысқан фестиваль-концертте дүйім жұрттың таңдайын қақтырып, І орынды қанжығасына байлады. Марал Әбдіжәмитоваорыс халқы аспабы саналатын үш ішекті домра-примамен Будашкиннің «Концерт», Ермұрат Үсенов өңдеген қазақтың халық әні «Маусымжан»,  Александр Цыганковтың «Светит месяц», Г.Триггстің «Бразильский танец» шығармаларын орындады. Сахнаға еркін еніп, еш мүдірместен өнер көрсеткен жас музыкантты көрермен жақсы қабылдады. «Әй, бәрекелді!», «Сыр елі – жыр елі» деп ұзақ қол соқты.
Талантты ұстаз Рашид Ақназар 1984 жылдан бері жастарды ұлттық аспаптар құлағында еркін ойнауға машықтандырып жүр. Оның бұған дейін де қаншама шәкірті белгілі байқауларда аудан емес, облыстың атын шығарған. Ұстаз еңбегінің еш кетпегеніне қуанады. «Шәкірттер жетістігі – жұмысымның көрінісі, бағасы», – дейді ол.
Байқауда бағы жанып, жүлдемен оралған жерлестерді жеңісімен құттықтап барғанымызда Маралдың өнерін біз де тамашалағымыз келді. Бір шығарма орындап беруін өтініп, қолқа салдық. Ұстазына қандай ән орындайын деген ишара білдіріп, аспабын қолына алды да тарта жөнелді. Сол сәтте домбырадан төгілген үн бізді бесіктегі сәбидей тербетіп, елітіп жіберді. Жүрекпен орындалған жыр жүрекке жетеді.
Осы бағытыңнан тайма, мерейің үстем болсын, Маралжан!
Г.ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы». 
11 сәуір 2019 ж. 1 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 044

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031