» » «Жас маман ізденістері мен жетістіктері»

«Жас маман ізденістері мен жетістіктері»

Жас мaманмен жұмыс - жaс маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сaпасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мaқсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дaмытып отыруы қажет.
№277 мектеп-лицейінде «Жас маман» орталығы төрт жылдан бері өз жұмысын жалғастыруда. Бірлестіктің жас мұғалімдерімен жұмыс жоспары бойынша «Жас маман» орталығы мүшелері тәжірибелі ұстаздардан мектепке келген жас мамандарға педагогикапық көмек беру мақсатында тәжірибелі ұстаздардан тәлімгер тағайындайды Орталыққа әр әдістемелік бірлестіктен бір мұғалім мүшелікке енгізілген. Педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек көрсетілуде. 
Мектебімізде жылда өткізу үрдіске айналған «Жас маман ізденістері мен жетістіктері»байқауының сәуір айында қорытындысы шығып, «Үздік жас маман-2019» иегері анықталды. Жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау арқылы өз мамандығына деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, тәжірбиелерімен бөлісу тәсілдерін жетілдіру мақсатында өткізілген байқауға педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан 3 жылды құрайтын мектептің 18 жас ұстазы қатысты. Байқау 6 кезеңнен тұрды. «Талпынған жетер мұратқа» бірінші кезеңінде жас мамандар үздік ашық сабақ көрсетіп, өз пәнін жетік білетіндігін, педагогикалық және әдістемелік шеберлігін көрсете білді. «Ең үздік портфолио» екінші кезеңінде жас мамандар жүйелі жинақталған, құнды портфолиоларын ортаға салды. «Мәңгілік ел үміттері» үшінші кезеңінде жас ұстаздың шәкіртінің ғылыми жобасы қорғалды. «Ұрпақ тәрбиесіндегі жаңаша көзқарастар» төртінші кезеңінде мұғалімнің оқушымен сабақтан бос уақытта ұйымдастыратын сыныптан тыс және тәрбие сағаттары көрсетілді.«Мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін дамыту жолдары» бесінші кезеңінде мұғалімдер зерттеп жүрген тақырыптарын қорғады. Алтыншы кезеңде жас мамандар өздерін ұстаз ретінде видео, презентация арқылы жан-жақты таныстырды. Байқаудың әділқазы алқалары жас мамандардың шығармашылығын, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми жұмыс, баяндама сапасын, мұғалім портфолиосын, қатысушылардың жаңашыл идеяларын бағалады. Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша «Үздік жас ұстаз - 2019» номинациясын биология пәнінің мұғалімі Мырзабекова Марина (тәлімгері жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Б.Алашбаева ), 1-орынды бастауыш сынып мұғалімі Борикулова Акнур (тәлімгері бірінші санатты мұғалім О.Умырзакова), 2-орынды химия пәнінің мұғалімі Жанузакулы Назарбек (тәлімгері бірінші санатты химия пәнінің мұғалімі Рсалиева Г.), 3-орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Курмаш Шынар (тәлімгері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бимырзаева М.) және мектеп алды даярлық тобының жетекшісі Оразова Сандуғаш (тәлімгері бірінші санатты мұғалім Н.Балгатаева) иемденді. Қорытынды сөз алған мектеп директоры Ж.К.Тлеугабылова жас ұстаздарға шығармашылық табыс тілеп, барлық қатысушыларды нәтижесіне қарай марапаттады.
13 мамыр 2019 ж. 5 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031