» » Қосымша білім берудегі инновациялар: Идеядан іске асыруға дейін

Қосымша білім берудегі инновациялар: Идеядан іске асыруға дейін

qarmaqshy-tany.kz Облыстық оқу орталығының бастамасымен жосалы кенті орталығында қосымша білім беруде жаңа технологияларды іске асыру, білім жобалары аясында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, педагогтардың шығармашылық, зерттеушілік қызметін арттыру мақсатында «Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шара барысы әуелі аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде «Бабадан қалған ғаламат, терметолғау аманат» тақырыбында бастау алды. Мақсаты – Сыр сүлейлерінің асыл мұрасымен терең танысып, халықтық тәрбиемен сусындаған зерделі ұрпақ тәрбиелеу, Сырдың мақамсаздары мен өсиет термелерін үйрене отырып, жыр-терме орындау арқылы ұлттық мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымызды ұрпақ бойына қалыптастыру.

Тәжірибе алаңында «Жыр-терме» класының мұғалімі Эльмира Мыңжанова көрмемен таныстырып, қызықты мәліметтер берді. Әдеби-музыкалық монтажбен қонақтарын қарсы алған педагогикалық ұжым оларға көтеріңкікөңіл күй сыйлады. Одан соң келген делегация республикаға белгілі сазгер, «Жыр-терме» бөлімінің жетекшісі Жарқынбек Тұрымбетовтың «Жақсы мен жаман арасы» атты Базар жыраудың шығармасынан ашық сабағының куәсі болып, қазақ өнерінің киесі мен қасиетіне бас исе, келесі ашық сабақ «Жыр-терме» класының мұғалімі Әділбек Сүлейменовтің шеберлігімен Тұрмағамбеттің «Тәлім» термесі бойынша жүргізілді.

Одан бөлек, өнер ұжымының оқушылары Нұриддин Мейрамбекұлы, Нұрғиса Маханбетов, Шыңғыс Алтайұлы, Жасмина Мейірхановалар мен домбырашы, баян тартушылар ансамблінің өнері қошеметке ие болса, Қазалы аудандық өнер мектебінің «Терме» класының мұғалімі Сандуғаш Бисембаева, осы өнер мектебінің «Вокал» класының мұғалімі Сәкен Кермеш, Арал аудандық өнер мектебінің «Ән салу» класының мұғалімі Жанболат Мұхан, Сырдария аудандық өнер мектебінің «Домбыра» класының мұғалімі Гүлназ Сералиева, Шиелі аудандық өнер мектебінің «Ән салу» класының мұғалімі Шарбану Дүйсек, қалалық өнер мектебінің «Домбыра» класының мұғалімі Жеңіскүл Өміртаева, осы мектептің «Вокал» класының мұғалімі Екатерина Ахметова және басқалары кәсіби шеберліктерін танытты.
Білікті ұстаздардың ашық сабақтарынан соң семинар «Маржаны жырдың Қармақшым» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысына жалғасты. Алаңда өрелі ойлар айтылып, түрлі пікірлер ашықтығымен ерекшеленді. Сыр сүлейлерінің шығармаларымен сусындаған қатысушылар өнер мектебінің үлкен залында өткен қорытынды жиында өздерінің үйренері көп болғанын, осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді, деген ниеттерін де жасырып қалмады. Ақжарма тілегін жеткізген облыстық Оқу орталығының бөлім меңгерушісі Гүлайым Ермекбайқызы өнер мектебінің ұжымы мен өнерлі шәкірттеріне биіктен көріне берулеріне тілектестігін білдірсе, өнер ұжымының басшысы Дәулет Байғараев та риясыз алғысын айтты.

Тәжірибе алмасу семинары түстен кейін аудандық Оқушылар үйінде жалғасты. Қосымша білім беру ұясының ауласында қазақы дәстүрмен киіз үй тігіліп, түрлі-түсті шар-гүлмен әсем безендірілген. Кілем төселіп, үйірме мүшелері ұлттық ойындардан көріністер көрсетуде. Атап айтқанда, «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Рада Жақанова «Бес тас» ойынының шартымен таныстырса, «Дойбы» үйірмесінің жетекшісі Нұрғиса Өтешбаев ләңгінің тарихына тоқталып өтті. Ал, «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Мәлік Әлжановтың шәкірттері асық атып, қызықтырса, «Хореография» үйірмесінің жетекшісі Жадыра Алпысбаеваның жетекшілігімен жақында ғана Шымкент қаласында өткен «Кел, билейік!» атты республикалық байқауынан бас жүлде иеленіп келген «Жадыра» би тобының орта жас мүшелерінің «Қазақ биі» сүйіспеншілікпен тамашаланды.

Семинардың ашылу салтанатында облыстық Оқу орталығының бөлім меңгерушісі Гүлайым Ақмырзаева сөз сөйлеп, ұстаздарға сәттілік және шығармашылық табыс тіледі. Мұнан соң аудандық Оқушылар үйінің директоры Индира Әбдібекова тәрбие ордасының тыныс-тіршілігін, атқарған жұмыстары мен жыл көлемінде жеткен жетістіктерін бейнеролик арқылы таныстырып шықты. Мысалы, 2022-2023 оқу жылында ұжымның педагогтары 5 халықаралық, 24 республикалық, 11 облыстық, 10 аудандық байқаудың жеңімпаз-жүлдегері болса, шәкірттері 7 халықаралық, 59 республикалық, 19 облыстық, 10 аудандық сайысбайқауларда оза шапқан.

Облыстық, қалалық, аудандық Оқушылар үйінің үйірме жетекшілері өздерінің бағыты бойынша түрлі сабақтарға, тренингтерге, шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе алмасты. Оның ішінде «Руханият» үйірмесінің жетекшісі Көркем Құлбарақова «Ұлы Дала мұрасы» жобасы аясында ерекше білімді қажет ететін балалар арасында «Ұлы Дала ұрпақтарының ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда асық терапиясын пайдалану» тақырыбында сабақ көрсетсе, «Prime time» жобасының жетекшісі Аружан Тыныштыбаева «Жылдам бейнемонтаж жасап үйренуде» шеберлік сыныбын паш етті. «Қазақ тілі» үйірмесінің жетекшісі Перизат Жаудатова «Bookcrossing» жобасы аясында «BOOKTIME – 2023» кітапқұмарлар сайысын ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Нұрлыбек Малаев «Робототехника үйірмесіндегі инженерлік жобалар» тақырыбында таныстырылым жасаса, «Құм анимациясы» үйірмесінің жетекшісі Самат Өскелеңов «Ағаштан бұйым жасаудың жолдары» тақырыбында жұмыс көрсетті. «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі Мархабат Сматова «Тұрақтандырылған, боялған мүктерден панно жасау» тақырыбында шәкірттерімен шеберлік сағатын өткізсе, «Жылдам оқу» үйірмесінің жетекшісі Гаухар Байдабаева «Театр» жобасы аясында оқушылардың роль сомдауымен "Бауырсақ" ертегісінің желісі бойынша қойылым қойды.

Практикумда Арал аудандық Оқушылар үйінің «Bioland» үйірмесінің жетекшісі Амантай Жиеналиев «Жылыжайда көкөністер өсірудің тиімді жолдары. Биогумус» тақырыбында ұсыныспікірін айтса, қосымша білім беру оқуәдістемелік орталығы «Көркем қыш және мүсін» үйірмесінің жетекшісі Ескендір Серманов «Саз балшықпен жұмыстың денсаулыққа пайдасы мен қасиеттері» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, басқа да үйірме жетекшілері өздерінің дайындап әкелген тың жобаларымен қалай жұмыс істеп жатқандарын айтып, ойларын ортаға салды.

Семинар қорытындысында Гүлайым Ақмырзаева семинарға белсенді қатысқан бірқатар ұстазға орталықтың сертификатын табыстап, семинар-практикумды жоғары деңгейде ұйымдастырған аудандық Оқушылар үйінің директоры Индира Жанайдарқызына ерекше алғысын айтты. Ұжымға сертификат табыстап, жұмысына табыс тіледі. Бірнеше бағытты қамтыған іс-шарада аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова аймағымыздың түкпір-түкпірінен жиналған ұстаздар мен Оқушылар үйі ұжымына ризашылығын жеткізді.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
Ерсін СӘДУҰЛЫ (суреттер)
15 сәуір 2023 ж. 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031