» » » Би көрігін қыздырған

Би көрігін қыздырған

qarmaqshy-tany.kz Би – қазақ халқында ертеден келе жатқан өнер. Ол қыз баланы әсемдікке, тәрбиелейді. Өнер болғандықтан, тамашалаушы қауымға да сыйлар эстетикалық талғамы жоғары. Міне осындай өнерді өміріне серік еткен Айнагүл Орынбекованың ауданның би өнеріне қосып келе жатқан еңбегі ерекше. Оның "Тұмар" бишілер тобын құрғанына биыл 7 жыл болды.
Жыл сайын 29 сәуір – халықаралық Бишілер күніне орай есепті концерт беріп отыратын хореографтың бұған дейін қол жеткен табыстары жетіп артылады. Осы жылдың 24 наурызында ауданымызда облыстық "Таңшолпан" телебайқауының іріктеу туры өтіп, оған Иіркөл ауылынан Айнагүлдің бишілері де қатысып, бағын сынаған болатын. Топтың би қоржынындағы әрбір бидің орны бөлек әрине. Дегенмен бұл жылы "Тұмар" тобы 80-90 жылдардағы ретробиін көрерменге ұсынып, жартылай финалға өтті. 17 сәуірде Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы театрда ұйымдастырылған телебайқаудың жартылай финалында кәсіби шебердің мың бұрала билеген бишілері қазылар алқасының талабынан шығып, ақтық финалға жолдама алды. Ал, 23 сәуір күнгі ақтық финалда жасындай жарқыраған бишілер тобы ауданның намысын қорғап, заманауи бимен жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бұл жайында ұстазының өзі не дейді екен?
– Қыздарымның қуанышында шек болмады. Ауылға келгесін топтың жеке шығармашылық есепті би кешін өткіздік. Оған биші қыздардың ата-аналары, тұрғындар, ауыл әкімі мен мекеме басшылары, мектеп директоры арнайы шақырылды. Кеш жоғары деңгейде өтті. Маман ретінде биді дайындағаныммен сахналық киім деген болады. Бидің кәсіби деңгейін көрсетуде киімнің орны көрініп тұрады. Сол себепті де бізге демеушілік еткен азаматтарға алғысымды білдіріп кетсем. Қаржылай көмек берген ел азаматтары Ринат Серпеновке және Ардақ Мырзахметовке айтар алғысымыз шексіз. Сондай-ақ, концертіміздің жақсы өтуіне атсалысқан ауыл әкімшілігінің мамандары Дастан Алманов пен Қайрат Есіркеповке де Алланың нұры жаусын, – дейді би тобының жетекшісі.
С.ДАТ
12 мамыр 2023 ж. 498 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031