» » » Аналардың асыл жолы

Аналардың асыл жолы

qarmaqshy-tany.kz Келін бір қарағанда бір отбасының азаматшасы болып көрінгенімен, ол ұлттың болашақ анасы, ұлтқа қызмет ететін ұрпақтың ардақты анасы. Ата-анасының өңірінен түлеп ұшқан бойжеткеннің басқа шаңырақтың босағасын аттап, келін атануы оның өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Бұрын анасы аялап өсірсе, енді ененің тәрбиесіне өтеді, бұрын әкесіне еркелеп бой жетсе, енді қайын атасының қамқорлығына көшеді. Сөйтіп, жарының отбасына біртіндеп сіңіп, сол шаңырақтың ибалы да инабатты келініне айналады.

Тарихта талай келіннің даналығы, тапқырлығы, елін сақтап қалуға атсалысқаны белгілі. Сол себепті де келіннің қазақ қоғамында, қазақ отбасында рөлі жоғары болған.
Жанұядағы ата-ене, келін, қайын сіңлі, қайын іні арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрге сай келіннің орны айрықша екенін ұғындыру, ананың қоғамдағы қадір-қасиетін арттыру мақсатында Ү.Томанов атындағы No183 орта мектепте «Қазақтың келіндері-ай» тақырыбында келіндер сайысы өтті. Оны «AMANAT» партиясының «Аэропорт» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырды.
Сайысқа білім саласынан жүзіктің көзінен өткендей сымбатына ақылы жарасқан 5 келін қатысып, өзара сынға түсті. 5 бөлімнен тұратын жарыста олар өздерінің жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті. «Мен қазақтың келінімін» таныстыру бойынша сайысқа түссе, «Өнерлі келін – өнегелі келін» бөлімінде мәнерлеп өлең оқу, ән салу, қолөнер шеберлігін ортаға салды. Ал «Салт-дәстүрді білесің бе?» атты бөлімде сұрақ-сауалға жауап беріп білімдерін дәлелдесе, «Қазақтың келіндеріне әдептілік жарасады» атты бөлімде отбасындағы келіннің ізеті, қоршаған ортамен жылы байланысынан түрлі көрініс, бейнебаян көрсетілді. Әйел-ананың ерекшелігі ас мәзірін дәмді етіп даярлай білуінде. Сайыстың «Қазақтың ұлттық тағамдары» бөлімінде ұлттық дастарқанды құрмет тұтқан жас келіндер қазақтың дәстүрлі – ет, Наурызкөже, сірне, ұмытылып бара жатқан «Бас-қарын» тағамдарын дайындап, бағасын беру үшін қазыларға ұсынды. Сонымен бірге, бауырсақ, құрт-ірімшік, басқа да ұлттық тағамадар келіндердің ас бөлмесіндегі бесаспаптығын айшықтап берді.
Қазылар алқасының шешімен «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі Нұргүл Ұзақбаева І орынды жеңіп алса, О.Шораяқұлы атындағы No30 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Назерке Елубаева ІІ орын, Ү.Томанов атындағы No183 орта мектептің мұғалімі Гүлбаршын Әбілтаева ІІІ орынды иеленді. «Сардарбек» балабақшасының тәрбиешісі Айман Байділдаева «Дәстүрді дәріптеген» және «Айсұлу» балабақшасының тәрбиешісі Мәдина Баймырзаева «Көрермен көзайымы» аталымдарына ие болды.
Барлық байқауға қатысушылар «AMANAT» партиясы аудандық филиалының диплом, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
С.ДАТ
17 желтоқсан 2022 ж. 1 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031