» » » Келіндер бақ сынады

Келіндер бақ сынады

qarmaqshy-tany.kz Аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінің қолдауымен Алдашбай ахун ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Пай-пай, қазақтың келіндері» атты аймақтық келіндер сайысы өтті. Байқауға 5 келін қатысты.

Келіндер 4 кезең бойынша бақ сынады. «Мен қазақтың келіні» атты алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін түрлі форматта таныстырса, «Әр елден келін келер, әртүрлі өнер көрсетер» атты екінші кезеңде талапкерлер жан-жақтылығын көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. «Келін екен зерделі» кезеңінде қатысушыларға қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпынан сұрақтар қойылып, білімдері сыналды. Ал «Ұлтымыздың құндылығын жалғастырушы» бөлімінде келіндер қолдан жасаған өнер туындыларын әділқазыларға ұсынды.
Сайыс қорытындысы бойынша қуаңдариялық Гүлдерай Алдабаева «Инабатты келін» атанса, көмекбаевтық Гүлсім Баданова «Зерделі келін», Алдашбай ахун ауылынан Гаухар Рақымова «Іскер келін», Тұрмағамбет ауылынан Ақбота Смағұлова «Үлгілі келін», Ақжар ауылынан Ақлимаш Әбілтаева «Өнерлі келін» номинациясын иеленді.
Барлық қатысушыға диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.
«Қт» ақпарат
06 желтоқсан 2022 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930