» » » Пай-пай, қазақтың келіндері-ай

Пай-пай, қазақтың келіндері-ай

Қазақ қызы – ұлттың анасы, елінің абыройы. Ол бой жете келе келін атанып, әулеттің ұстынына айналады. Халқымыз: «Келін – қайын ененің топырағынан» дегенді жиі айтады. Тұрмыс құрған қыз анадан алған тәрбиесін ене тәліміне жалғайды. «Енесі қандай болса – келіні сондай» деген де ел арасында ертеден келе жатқан тәмсіл осыны меңзегендей.
Бейсенбіде Қуаңдария ауылдық клубында Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет және ауылдық клуб үйінің бірлесе ұйымдастырумен «Қазақтың келіндер-ай» атты аумақтық келіндер сайысы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен айтулы шараға ауыл тұрғындары мен жас келіндердің енелері, жалпы жанкүйер қауым қатысты. Байқауды аудандық мәдениет үйінің директоры Арнұр Көшеней ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл күні клуб үйі аталған ауылдың келіні әрі сайысқа қатысушы Гүлдерай Алдабаеваның ісмер қолынан шыққан тұс киізбен, сондай-ақ түрлі оюлармен өрнектелген сандықтың үстіне жиналған ұлттық нақыштағы көрпешемен безендірілген. Тұс киіздегі ою-өрнек әсемдігімен, эстетикалық талғамның жоғарылығымен баурайды.  
Мәдениет үйінің әдіскері Ақмарал Кішкентаева мен Ақерке Бекеева жиналған халықты көп күттірмей, сайысты бастап та кетті. Сахна төріне ибалы да инабатты, қазақ келініне тән нәзіктікпен бес келін шығып, алғашқы таныстыру кезеңінде өздерінің бағын сынады. Бұл кезеңде келіндер бірі – өзін әнмен таныстырса, бірі – өлең арқылы өзінің кімнің келіні, шыққан тегіне назар аудартты. Мұнан соң сайыскерлер «Өнерліге – өріс кең» кезеңінде сынға түсті. Мұнда да бірі – өзбек биін билесе, енді бірі – ән-жырдан шашу шашты. Сыртқы кескін-келбетпен қоса ибалы келіндер парасаттылықтарын да таразыға салды. Қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты сұрақ-сауалға сәтті жауап берді. Сонымен қоса, қазылар алқасы тарапынан қойылған ситуациялық сұрақтарға да жас келіндер мүдіріс жасамады. Бір айтарлығы, қай келін де сайысқа жақсы дайындықпен келген. Бұл көрініс – келіндердің «Абысын тату болса...» және «Супер келін» атты кезеңінде де орын алды. Әсіресе қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық тағам түрлері – «жаужүрек», «атала», «салма нан», «қалжа тамақ», «күлше» көптің көңіліне қуаныш ұялатқандай еді. Ал, қамыр жаюда қуаңдариялық келін алдына адам салмаса, ұлттық тағам дайындауда Тұрмағамбет, Көмекбаев ауылының келіндері көштен озық келді. «Жаңа ғасыр – жаңа салт» атты кезеңде келіндердің сән үлгісі тамашаланса, «Шебердің қолы ортақ» кезеңінде шығармашылық көрме сарапқа салынды.
Сайыс қорытындысында қазылар мүшесі ардагер-ұстаз Фазила Қабыланова мен мәдениет үйінің әдіскері Күміс Ұзақбайқызының шешімімен І орынды Қыстаубай әулетінің келіні, көмекбаевтық келін Жадыра Қошманова жеңіп алса, жүлделі ІІ орын Оңалбаевтар әулетінің келіні, қуаңдариялық сайыскер Гүлдерай Алдабаеваға берілді. Ал, ІІІ орын биігінен Жарылқасыновтар әулетінің келіні, тұрмағамбеттік Гүлжанат Зубайраева көрінді. Уәлиевтер әулетінің келіні, ақжарлық Жания Жүсіпова «Ұшқыр ойлы келін» және Ертілеуовтер әулетінің намысын қорғаған алдашбайахундық Гүлнұр Нұрғалиева «Өнерлі келін» номинациясына ие болды. І және ІІ орын иегерлері алда өтетін аудандық келіндер сайысына жолдама алды. Шарада барлық қатысушы аудандық мәдениет үйінің дипломы және сыйлығымен марапатталды. 
– Жалпы, сайыс тартысты өтті. Ұйымдастырушыларға да, көрерменіне той-думан сыйлаған жас келіндерге де алғысымыз шексіз. Бастысы – қатысушының бәрі көрерменнің көзайымы болғаны анық. Мұндай шара жиі-жиі ұйымдастырылса. Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесі бала бойына сіңе берері сөзсіз, – дейді ардагер-ұстаз Ф.Қабыланова.       
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
02 сәуір 2019 ж. 2 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031