Құрылтай
» » » АНА КӨРГЕН – ТОН ПІШЕР

АНА КӨРГЕН – ТОН ПІШЕР

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық жыраулар үйі «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай» тақырыбында келіндер арасында сайыс өткізді.
Байқау талапкерлері «Сәлем – сөздің атасы», «Өнерлі – өрге жүзер», «Ана көрген – тон пішер», «Ақылына – көркі сай» бөлімдері бойынша бақ сынап, өзара сынға түсті. Сондай-ақ, келіндер бесік жырын жанды дауыста орындап, қазақтың қасиетті бесігінің мән-мағынасы мен өзіндік құндылығын түсіндірді.
Ұлттық тәрбиені паш еткен байқау нәтижесінде бас жүлдені аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің статисі К.Мүсілімова жеңіп алса, І орын Қармақшы ауылдық клуб үйінің әдіскері А.Серіковаға, ІІ орын аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Б.Сахиеваға және ІІІ орын «Ертөстік» балабақшасының тәрбиешісі Н.Сайлауоваға берілді. Сонымен бірге, сайысқа қатысқан А.Таңатарова, Б.Сыздықова, Н.Тарғанова ынталандыру сыйлықтарын ие болды. Салт-дәстүр салтанат құрған шарада байқау жүлдегерлері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Салтанат ЖҰМАТАЕВА,
жыраулар үйінің әдіскері.  
04 сәуір 2018 ж. 4 005 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 573
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 038

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31