Біздің балабақшада
№23 «Балдырған» ясли-бақшасында 2018 оқу жылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында ұжым қызметкерлерінің танымдық белсенділігін арттыру мақсатында «Ал, кәнекей қыздар!» атты байқау өткізілді. Наурыз айымен бірге келетін арулар мерекесі қарсаңында өткен сайысқа тәрбиеші қыздарымыз Махан Айжан,Темирбекова Жұлдыз,ағылшын пәні жетекшісі Нұрниязова Гүлшахрамдар қатысып, рухани жаңғыруды насихаттау арқылы патриоттық сана-сезімдерін оятатын ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы өздерін сан қырларынан танытты. Жас маман арулар арасында өткен байқау көрермендер көңілінінен шықты.
Сол секілді, сәуір айында «Мен сымбатты келінмін» тақырыбында өткен байқауда ұжымдағы жас келіндер сынға түсті.Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі мен қайын іні арасындағы қарым – қатынас пен сыйластықты нығайту мақсатында өткізілген бұл байқауға тәрбиешілер: Сарманова Гүлжазира, Махан Гүлжан,дене жетекшісі Қонысбаева Жанна қатысып, келіндік инабаттылықты өздерінің әр ісімен көрсете білді.
Атаның алдын кеспеген, ененің ебін тапқан, қайын сіңілі мен қайныларының сенімді сырласы бола білген нағыз ибалы келін екендіктерін байқау шартында танытқан сайыскерлер ұжым басшылары мен қазылар алқасының алғысына ие болып, бағалы сыйлықтар иеленді. Балабақша өмірінде өткізілетін осындай іс-шаралар қызметкерлерімізге рухани байлық,шығармашылық шабыт береді. Қорыта айтқанда, осындай рухани жаңғыру аясында ұйымдастырылған сайыстарбалабақшамыздыңшығармашылық тұрғыдан шыңдалуына жаңа серпін берді.
№23 «Балдырған» ясли-бақшасының ұйымдастырушы педагогі: Ерназарова Айман