» » » «Бал балада» бабы келісті

«Бал балада» бабы келісті

qarmaqshy-tany.kz  Қызылордада мыңдаған бүлдіршіннің жүрегінде өнер отын тұтатып, талантының шыңдалуына жол ашып, дарынды балалардың, ұйымшыл балабақшалардың көгілдір экраннан насихатталуын мұрат еткен дәстүрлі «Бал бала» байқауы өткізілді.
Биыл дәстүрлі телевизиялық байқаудың көрермен көңіліне жол тартқанына – 15 жыл. Байқаудың жоба авторы – «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ләйла Насимханованың ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жыл сайын өнер сайысы аясында талай талантты бүлдіршіндердің шамшырағы жанып, өнер ырағы жанып, өнер әлеміне қадам басуына негіз болуда. А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде -«Бал бала» байқауы шымылдығын түрді. «Таныстыру», «Ән айту» және «Қойылым» аталымдарынан тұратын байқауға 4-6 жас аралығындағы 400-ден астам балдырған қатысты. Онда қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Мектепке дейінгі мекемелер тәрбиеленушілерінің арасында кен өткен байқаудың басты мақсаты – таланттарды анықтап, оларға барынша қолдау көрсету, сондай-ақ, балабақшалардағы көркемдік жетекшілер мен педагогтардың еңбегін ынталандыру, ұстаздық шеберлігін арттыруға жағдай жасау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазылар алқа- сының құрамына белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кірді. Бұрын фестиваль қала балабақшалары арасында өтсе, биыл ауыл-аймақтанда өнерлі бүлдіршіндер қатысып, ауқымы кеңейе түскен. Әділқазылар байқауда озып шық қауда озып шыққандарды анықтап, байқау нәтижесімен Төретам кентіндегі No22 «Гаухартас» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері екінші орынға ие болды. 400 өреннің-өнерін тамашалаған қауым бұл күні ғажайып көңіл-күйге бөленді. Ал байқауда бақ сынаған балғындардың барлығы марапатқа ие болып, түрлі сыйлықтар табысталды.
Жадыра НАГИМЕТОВА,
No22 «Гаухартас» бөбекжай-бақшасының
ұйымдастырушы педагогі
26 қараша 2022 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930