«Бал бала - 2022»

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында балалар шығармашылығына арналған дәстүрлі ХҮ «Бал бала - 2022» бүлдіршіндер арасындағы облыстық телевизиялық байқаудың аудандық іріктеу туры өткізілді.
Облыс көлемінде балалар шығармашылығын дамыту, талантты бүлдіршіндерімізді сахнаға шығарып, олардың дарындылығын көпшілікке паш етуге мүмкіндік беру және өнерлі өлкенің таланттарын үлкен байқауларға қатысуына жол салу мақсатында өткізілген байқауға Қармақшы ауданы бойынша 10 балабақша қатысып, 3 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Байқаудың аудандық іріктеу турына Насимханова Лайла Оразқызы – «Қ.Р Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Бал бала» жобасының жетекшісі Шүйтенова Анар Жұмабайқызы – «Астана» медалінің иегері, мәдениет саласының ардагері, Бекмаханова Күміс Ұзақбайқызы – Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде және облыстық байқауға жолдаманы №22 «Гаухартас» бөбекжай-бақшасы және №21 Тоғжан бөбекжай-бақшасы жеңіп алды. Байқауға қатысқан барлық бүлдіршіндерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
27 қыркүйек 2022 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728