» » » Бүлдіршіндер «Бал балада» бақ сынады

Бүлдіршіндер «Бал балада» бақ сынады

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар жылы аясында балалар шығармашылығына арналған дәстүрлі ХV «Бал бала – 2022» бүлдіршіндер арасындағы облыстық телевизиялық байқаудың аудандық іріктеу туры өткізілді.
Облыс көлемінде балалар шығармашылығын дамыту, талантты бүлдіршіндерді сахнаға шығарып, олардың дарындылығын көпшілікке паш етуге мүмкіндік беру және өнерлі өлкенің таланттарын үлкен байқауларға қатысуына жол салу мақсатында өткізілген байқауға аудан бойынша 10 балабақша қатысып, 3 кезең бойынша өзара бақ сынасты. Байқаудың аудандық іріктеу турына «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Бал бала» жобасының жетекшісі Лайла Насимханова, «Астана» медалінің иегері, мәдениет саласының ардагері Анар Шүйтенова, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Күміс Бекмаханова қазылық етті.
Бағы мен бабын сынап келген 5-6 жастағы бүлдіршіндер барын салды. Сахна сырын меңгеруге тырысып, ән салып, би билеп, көрініс қойған балалар өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде және облыстық байқауға жолдаманы No21 Тоғжан бөбекжай-бақшасы мен No22 «Гаухартас» бөбекжай-бақшасы жеңіп алды. Байқауға қатысқан барлық бүлдіршінге дипломдар табысталды. Облыста аудан атынан бақ сынағалы отырған бүлдіршіндерге сәттілік серік болсын.
«Қт» ақпарат
04 қазан 2022 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10259)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (10258)

05 желтоқсан 2023 ж.

№95 (10257)

02 желтоқсан 2023 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

26 қазан 2023 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

11 қыркүйек 2023 ж.

Оқиғалар

Қызық кісі екен өзі
03 сәуір 2023 ж. 6 083
Кімдікі жөн?

Кімдікі жөн?

30 наурыз 2023 ж.
Құрттың қоқымы

Құрттың қоқымы

05 наурыз 2023 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031