» » » Сүлейлердің ұрпағы қошеметке бөленді

Сүлейлердің ұрпағы қошеметке бөленді

ЖОСАЛЫ, 19 қараша - qarmaqshy-tany.kz Қызылордада Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен "ЖЫР МҰРА" жобасының қорытынды концертіне аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің шәкірттері Айшолпан Амантай /қылқобыз, жетіген/, Айша Мейрамбекқызы /қылқобыз/, Арай Оңғарқызы /домбыра/, Шұғыла Мархабатова /домбыра/ қатысып, көрермен көзайымына айналды.


Жыр Мұра жобасы аясында дәстүрлі жыраулық өнердің өлкесіне жаңа есімдер мен жас дарындар сахна төріне шықты. Ұлттық өнердің нағыз жанашыры болған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Мира Рахымжанқызына, жобаның авторы, "мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Майра Алшынбекқызына, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Бегежанқызына және осы өнерді мұрат етіп, ұрпақ санасына сіңіріп насихаттауда жұмыс жасаған барлық азаматтарға арнайы алғысымызды айтамыз!
19 қараша 2019 ж. 1 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728