» » «Сыр дарыны» байқауы жарияланды

«Сыр дарыны» байқауы жарияланды

Қызылордада Тәуелдіксіздіктің 30 жылғына орай «Сыр дарыны» жастар шығармашылық байқауы жарияланды. Байқаудың мақсаты - облыс жастарының шығармашылық қабілеттерін шыңдау және насихаттау болып табылады. Сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің ізбасарларын дәріптеу арқылы өнер мектептерінің мәртебесін арттыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов баяндады.
- Байқау облыстық ішкі саясат басқармасы, қала және аудан әкімдіктері, «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Іріктеу кезеңі 10-18 маусым аралығында қала және аудандарда өтіп, республикалық жас ақындар айтысымен түйінделеді. Байқау жазба ақындық өнер, айтыс, дәстүрлі ән және жыр-терме бағыттары бойынша өткізіледі.,-деді облыстық Жастар ресурстық орталығы КММ директорының орынбасары Мақсат Дауылбай.
Сонымен қатар, облыс бойынша іріктеуден өткен жеңімпаздарға сала мамандарының, танымал дәстүрлі өнер иелерінің танымдық семинарлары, мастер-класс оқытулары жүргізіледі. Барлық қатысушыларға арнайы диплом және алғыс хаттар табысталады. Ұйымдастырушылармен байланыс телефоны 30-01-21,е-mail: molodezh_kyz@mail.ru
10 маусым 2021 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 332
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 853

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930