» » » Шұғыла шашқан шаһнама

Шұғыла шашқан шаһнама

Жырлы, сырлы тақырыбына өзек болатын, ол - Тұрмағамбет ақынның өмірінің соңғы жылдарында шалқар шабытпен жырлап артына қалдырған асыл мұрасы – «Шаһнама» атты эпопеялық туындысы. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын аз сөзбен түйіндесек ол өткеннің аманаты, бүгінге – мұра, болашаққа бағдар. Ендеше, Шаһнаманың өткеніне, оның бастау алар қайнарын іздесек қазақтың ұлы ақыны Абай сыйынған шығыстың жеті жұлдызының атасы атанған Әбілқасым Фирдоусиді еске алмау мүмкін емес.
Адамзатқа рухани асыл қазынасын мұра еткен Әбілқасым Фирдоуси:
Ойлашы өзің өлтірсең,
Менің сөзім өлер ме?
Ол бір туған көкте күн
Екпін тисе сөнер ме?!
Мен сондықтан отыз жыл,
Соған бердім өмірді.
Аш жалаңаш тарықтым,
Жасытпадым көңілді.
Соқтым парсы еліне,
Сөз қорғанын құламас – деп алтын жырды 60 мың
бәйіт етіп есіп Х ғасырда өз талантын паш етеді.
Бұл туралы Тұрмағамбеттің өзі бізге былай деп толқи сыр ашады:
Әуелде оқыған соң парсы, араб,
Хикая жыр жазушы ем бұған қарап.
Осындай өнерімді естіген соң,
Жүргенов шақырып –ап шашын тарап.
Ұйғарды «Шаһнаманы» сөз қылуға,
Ойласып Мирзоянмен ойға сарап,
Бедеудей басым шұлғып «болады» деп,
Күйіме күннен-күнге түстім жарап.
Бүгінгі күні Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Қармақшы аудандық мәдениет жіне тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен Шығыстың шайыры атанған, Сыр сүлейлерінің ізбасары ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына орай Тұрмағамбет ауылдық Қуандық Бүрлібаев атындағы ауылдық клуб үйінде "Шұғыла шашқан Шаһнама" атты облыстық жыр фестивалі өтті. Жыр фестивалінің алғашқы құттықтау сөзін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержанов Дәурен Дауылбекұлы сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қатысушылар Шаһнама эпопеялық дастанының сан тарауынан жыр толғап, халық ықыласына бөленді. Жыр кешінің соңында Тұрмағамбет ауылы әкімінің міндетін атқарушы Алмағамбетов Бақтияр Амангелдіұлы және ақынның шөбересі Әбдірауықов Нартай Абатұлы барша қауымға ыстық ықыласы мен лебізін жеткізді.
Жыр фестиваліне қатысушы барлық өнерпаздар аудан әкімінің Дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Даңқты Сыр сүлейі, ғұлама ғалым, от ауыз, орақ тілді, өткір ақын Т.Ізтілеуовтің «Шаһнама» туындысы бойынша «Шұғыла шашқан Шаһнама» тақырыбымен жыршы-жыраулармен жүздесу арқылы өткізілген танымдық жыр-сұхбаты арқылы рухани асыл қазынамыз дами түссін деген тілектеміз!

12 маусым 2022 ж. 1 345 1

Anikapew от 30 маусым 2022 19:02
Нellо аll, guys! Ι knоw, mу mеsѕagе maу be tоo ѕрeсifіс, Вut mу ѕister fоund nісe mаn hеre аnd thеy mаrried, ѕо how abоut me?! :) Ι аm 26 yeаrѕ old, Αnikа, frоm Romаnia, Ι know Englіsh and German languagеs аlѕo Аnd... Ι hаve ѕрeсіfіс dіѕеаsе, named nymphоmania. Whо know whаt iѕ thіѕ, саn understаnd me (bettеr to ѕаy it іmmеdіatelу) Ah уеs, Ι сook vеrу tаѕtу! аnd Ι lоvе nоt оnlу cook ;)) Ιm rеal gіrl, nоt рrostіtutе, аnd loоking fоr seriouѕ and hоt relationshір... Anуwау, yоu cаn fіnd my profile hеrе: http://subdiagevarea.tk/user/22853/

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031