Кәсібін өнерден тапқан жұп
Той десе қуанатын қауымбыз. Жиған-тергеннің бәрін тойда шашатын қазақ қуаныштан көл-көсір дастарқан жайып, жақындарымыздың жиі басын қосып, ақ тілек тыңдап, марқайғанды жақсы көреміз. Бір-екі жылдың бедерінде елді әбігерге салған кесел біраз нәрседен тыйды. Соның бірі – той. Қиын кезеңді еңсеріп, енді ғана ес жиған халық карантин талаптарын жеңілдеткеннен бастап той тойлауға кірісті. Бірақ айтпағымыз тойдың болып не болмай жатқаны емес, той жүргізетін асабаның қызметі хақында. Тойда міндетті түрде асабаның қызметі қажет екені айтпаса да белгілі. Бүгінгі мақаламызға арқау болар кейіпкерлер халықтың тойын жоғары деңгейде ұйымдастырып, есте қаларлықтай деңгейде өткізуге атсалысып жүрген жас отбасы Дәулет пен Назерке. Олар Байқоңыр қаласының тұрғындары. Дәулетті байқоңырлықтар бұған дейін әншілік қырымен таныса, Назеркенің «Назерке шоу» деп аталатын той ұйымдастыру орталығы бар.Екеуі де мектеп жасынан түрлі конкурстар мен байқауларда бақ сынап, лауреат атанған танымал таланттар.
Дәулет Алтынбекұлы 1993 жылы дүниеге келген. Байқоңыр қаласындағы №274 мектептің мақтаулы түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қоршаған ортаны қорғау өмір қауіпсіздігі» мамандығын грантпен бітіріп шыққан. Алғашқы еңбек жолын «Байқоңыр энергия» мекемесінде өз мамандығына сай инженер болып бастаған. Жасынан ән айтатын сегіз қырлы жігіт 2016 жылдан бастап асабалық қызметті тізгіндеген.
– 2014 жылы Назерке екеуміз шаңырақ көтердік. Қазір 2 ұл тәрбиелеп отырмыз. Назерке Мұхамбетжанқызы №272 мектепте музыкалық жетекші болып жұмыс істейді. Бастапқыдай емес қазір той жүргізуге сұраныс көп. Сондықтан жұмыс пен өнерді қатар алып жүру қиынға соқты. Тек той деп байланып қалған жандар емеспіз. Одан бөлек жеке кәсібіміз бар. Мен той жүргізсем Назерке ән айтады, қыз ұзатады, салт-дәстүрлерден қойылым қойып, биші қыздарымыз тойдың көркін қыздырады. Кәсібіміз де, жұмысымыз да бір болған соң түсініспеушіліктен гөрі сыйластығымыз басым. Қазір жұртты таңқалдыру оңай емес. Сол себепті жас болған соң бір орында тұрып қалмай, ізденгенді жақсы көреміз. Бұған дейін тек Қызылорда облысы төңірегіндегі тапсырыстарды орындасақ, қазір Шымкент, Ақтөбе, Алматы қалаларындағы тойға жиі шығудамыз. 6 биші қызымыз, Ақдәулет Самұратов есімді музыкант жігіт әркез жанымызда. Қазір ебін тауып еңбектенетін заман. Қандай кәсіп қылсаң да адалынан, маңдай теріңмен тапқанға не жетсін, – дейді асаба жігіт.
Жиналған жұрттың басын бір арнаға тоғыстырып, өтімді әзілі, сүбелі сөзімен халық алдында ықыласқа бөлену екінің біріне бұйырмаған бақ. Дәулетті өзге асабалардан ерекше ететін қыры оның позитивті көзқарасында. Өмірге ғашық жан. Ол жүргізген тойдың көңілсіз өткені жоқ. Жанымен беріліп, бар өнерін салып басқарған тойдан тек бата алып қайтады.
– Асабаның басты қаруы – сөз. Сондықтан сөйлеу мәнеріме, сөз мағынасына аса сақ болуға тырысамын. Тартымды теңеу, ән мен әзіл, ойын мен күлкі, ақ тілек пен арнау араласа өріліп тұрса қандай жарасымды. Той деген еркін, қозғалысты, думанға толы болса ғана қызық. Қандай көлемде ақша төленсе де, бір әулет бар қызығын бізге табыстағаннан кейін ең бірінші жауапкершілікті сезінеміз, – дейді ол өз сөзінде.
Тойдың жақсы өтуі – асабадан. Асабалық та, әншілік те кәсіп. Әркім оны өз қажыр-қайратының жеткенінше табыс көзіне айналдырады. Сол салада жетістікке жеткен адам өзге шыңды да бағындырары анық.