» » ТЕҢГЕДЕН ТІГІЛГЕН ШАПАН

ТЕҢГЕДЕН ТІГІЛГЕН ШАПАН



Әлеуметтік желі арқылы қазақ тойларында болатын «қызық пен шыжықтардың» тағы бірі таралып кетті. Бұл жолы көптің сынына ұшырай беретін қариялардың билегені, ерсі ойындар мен асабаның қателігі емес. Ата салтымызда бар шапан жабудың өзгеше «стильмен» орындалуы туралы бейнежазба тарады. Тойдың қай қалада өткені белгісіз, тек асабаның сөзі мен шапанға жапсырылған валютаға қарағанда, қазақтың тойы екенін байқауға болады. Бейнежазбада көрсетілгендей, тойда ер кісіге теңге жапсырылған клеенка шапан кигізіледі. Мұндайды тойдың ортасында жүрген асабаның өзі де көрмесе керек, таңданысын жасыра алмай қалады. «Басқа-басқа, мынау үйде қалатын шапан» деп қазақтың тойында болатын «кезекші шапандармен» де салыстырып өтті асаба. Ал ақшадан тұратын ерекше шапан киген ер кісіні жұрттың бәрі көрсін деген ниетпен болса керек, бір әйел қолтықтап тойдың алаңқайында айналдырып шығады. Әлеуметтік желіге жарияланған бұл шапан турасында айтылып жатқан пікірлер жеткілікті. Бір жағы «салтты қорлады» десе, енді бірі «көңілді, ерекше екен» деседі. Қалай десе де, қазақтың салтындағы оюлы шапан ел бастаған, көпке сыйлы ақсақалдарға жабылатыны белгілі. Иығына шапан жабылғандар өздеріне деген жауапкершілікті сезінетін болған. Шапан жабу – ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүріміздің қадірін арттыра түсетін тамаша көрініс болатын. Көптен оза шабу ма, тойға ерекшелік енгізудегі жарыс па, ол жағы беймәлім. Дегенмен, ендігі жерде «ақшадан тігілген шапан жабу» да қазақтың тойында жиі көрініс табуы әбден мүмкін.
06 шілде 2019 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031