» » Қылмыстық теріс қылық бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды

Қылмыстық теріс қылық бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды

Қармақшы аудандық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасаған азаматқа қатысты істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде қарады.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Н-ны «Шымкент-Самара» тас жолында полиция қызметкерлері тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен оған жеке қарау жүргізген кезде, оның үстіне киген киімінің сол жаққалтасынангазет қиындысына оралған 6,89грамм болатын кептірілген марихуана есірткі заты табылған, яғни ол есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік Кодексінің 629-1 бабының 2-бөлігінің 3)-тармағына сәйкес, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс, егер жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды көздесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде сотталушы Н. қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелеріне дау айтпаған,  іс әрекетінің саралануына келісіп,  дәлелдемелерді зерттемей, өзін істі сотта қарауға шақырмай және қатыстырмай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдеген.
Судья істі сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарап, үкім шығарды. Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25250 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген.


Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі






09 шілде 2019 ж. 991 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031