» » Киберқауіпсіздік мамандығын онлайн оқыту басталды

Киберқауіпсіздік мамандығын онлайн оқыту басталды

Бұл бастаманы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ мен Cisco академиясы ұйымдастырып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, электрондық еңбек биржасы порталында қаңтардан бастап онлайн цифрлық дағдылар бойынша оқыту басталды.

Курс киберқауіпсіздік және кешенді интернет жүйесіне кіріспе мамандықтары бойынша оқытылады, теория мен тәжірибе қатар қамтылады. Ол 10 күнге созылады. Курстың соңында азаматтар бүкіл оқу мазмұнын қамтитын баға алады. Курсты аяқтағаны туралы сертификатқа ие болуы үшін оқуды ойдағыдай тәмамдап, сауалнамаға қатысуы қажет, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

2019 жылдың ақпанынан бастап Жұмыспен қамту орталықтарындакомпьютерлік графика және негізгі IT дағдылары мамандықтары бойынша пилоттық режимде оқыту жоспарланып отыр.
Cisco Networking Academy – оқушыларға ғаламдық экономикада қажет интернет технология туралы білім беретін электрондық оқытудың кешенді бағдарламасы. Ол интернет арқылы қолжетімді материалдарды, білім беруді бағалау құралдарын, студенттердің академиялық үлгерімін бақылау құралдарын, тәжірибелік зертханалық сабақтарды және кәсіби танылған сертификаттарды алу үшін оқыту курстарын қамтиды.


baribar.kz

01 ақпан 2019 ж. 1 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 204

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728