» » Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы CISCO компаниясымен бірге мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан онлайн ұсыну жобасын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, енді 20 мемлекеттік қызметті видеобайланыс арқылы алуға болады.
Желілік технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызмет алуға өтінім жасауға мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы бірқатар ақпараттық анықтамаларға - мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдері, тіркелген құқықтар, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтінім беріп, мобильді азаматтар базасына тіркелуге болады.
Пилоттық жоба Астана қаласында - Сығанақ көшесі, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлімінде, «Қазпошта» цифрлық бөлімдерінде, Бейбітшілік көшесі, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйінде іске қосылды. Жуырда Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігінде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.
Қызметтер тізімі:
1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру
2. Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру
3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәлімет беру
4. МГОВта тіркелу
5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру
6. Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру және кері қайтару (ЭЦҚ растау)
8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
9. Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру
10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
12. Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру
13. Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама беру
14. Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтама беру
15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы анықтама беру
16. Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру
17. Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру
18. ЭЦҚ алуға өтінім беру
inform.kz


04 қазан 2018 ж. 1 070 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031