» » ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА «АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОРТА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА «АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2018 жылдың 13 қараша күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинарына «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің 50-ға жуық оқытушы-ұйымдастырушылары қатысты.
Оқыту семинары барысында мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы Қ.Сағымбаев «Белсенді оқыту тапсырмаларын дайындаудың түрлері және оны іске асыру жолдары» тақырыбында тренинг өткізді. Сонымен қатар әскери жетекшілердің жас жеткеншектермен жұмыс жүргізу, ұйымдастыру, оқу барысында қолдана білу тәртібі және орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында АӘжТД пәні бойынша оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, үйірме қатысушыларымен жұмыс жүргізу мәселелері қарастырылды. Және де жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушыларға белсенді оқыту тапсырмаларын дайындауда бағыт-бағдар беріліп, оны мектептегі тәжірибеде жүзеге асыру жолдары көрсетілді.
Оқыту семинары соңында институтының аға оқытушысы Қ.Сағымбаев тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қорытындылады.
14 қараша 2018 ж. 2 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 771

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930