» » ТАРИХ ПЕН ҮНДЕСТІК

ТАРИХ ПЕН ҮНДЕСТІК

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы барша қазақ халқына келелі ой салып, тарихи тұрғыда салиқалы түйсік қалыптастырды. Төл тарихымызды жаңғыртуда көрсетілген «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» бағыттары арқылы түрлі жобаны қолға алатын болсақ, түп тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік береді.
Елбасы «Жалпақ жұртыңды, исі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын тану және адамдарын ардақтаудан бас­талады» деген келелі сөзін негізге ала отырып, қазақ ұлтының тарихына «Ұлы Даланың жеті қыры» мақа­ла­сында көрсетілген бағыттар бойын­ша тереңнен үңілгенде біз тарихи ерек­ше­ліктермізді көре аламыз. Бір ғана мысал, мақалада көрсетілген «Аң стилі» Қармақшы өңірінде IV-II ғасырлары орналасқан Шірік-Рабат қалашығының тарихи деректеріне сүйенсек, сол заманда үлкен өркениеттің қалыптасқанын және де әлем тарихы сахнасынан өзіндік ерекшелігімен дараланатын Сақ тайпасының өмір сүргенін байқаймыз. Бұл ретте, Сақ тайпасын негізге алып отырған себеп, жоғарыда айтылған үшінші ерекшелік әлемдік өнердегі биік белестердің бірі болып саналатын «Аң стилі» өнерінің тарихи дамыған кезеңі. «Аң стилі» феноменін Сақ мәдениетінің жарқын көрінісі, рухани байлығының айқын белгісі ретінде тануға болады. Осы орайда, аң стилі сол дәуірде айрықша жоғары өндірістік тәжірибе болғанын білеміз.
Жалпы Шірік-Рабат мәдениетіне жататын Бәбіш мола, Баланды, Сен­гір­там тағы басқа тарихи-мәдени ескеткіштерінде жүргізілген архео­ло­гия­лық қазба жұмыстары барысында табылған құнды жәдігерлер бабалар өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды.
Өлкеміздегі көптеген рухани мә­дениеттің түп тамыры сонау ерте заманнан халықаралық өркениеттің қалыптасуына себепші болған десек санаға сияды. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым кезінде біздің өлкемізде де ойлап табылғаны ғылыми тұрғыда дәлелденді. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар көптеген техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда халқымыздың өткенін зерттеуге бағытталған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген жоба іске асты. Бірақ, бабалар өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар әлі де болса толық дәлелденіп көпшілік назарына ұсынылған жоқ. Осындай аяқталмаған жұмыстар мен әлі де сыры ашылмаған дүниелерді болжамды жоспар «Архив – 2025» жобасы аясында жүзеге асырып, қайта жаңғыртуға және де ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға болады. Сондықтан тарихи тұлғалар есімін, даңқты батырларымыз бен ойшылдарымызды, ел билеушілеріміз бен мәдениетімізді қайта жаңғыртып, ұрпақ санасына қалыптастыра отырып, болашақпен ұштастыру керек. Төл тарихымызды елімізде ғана емес, тарих шеңберінде де паш ету ауқымды шаруа болып табылады.
Жалпы, қазақ елінің өркениет тарихын үздіксіз дамытып, ұлт тарихын санаға сіңіріп, барша қазақстандықтың бойында ортақтық сезім қалып­тас­тыру­ға тарихымыз септігін тигізуі тиіс деп ойлаймын.
Әртүрлі ұлттар өз елінің елшісі сынды тарихи тұлғалары мен оқиғаларын мақтан тұтады. Өлкеміздің тарихын тереңнен саралап уақыт кеңістігінде санамыздан шығармау бүгінгі ұрпақ еншісінде.
Ә.БАҚТЫБАЕВ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің әдіскері.
08 қаңтар 2019 ж. 1 035 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 773

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 823

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031