» » ЖЫЛ КӘСІПКЕРІ

ЖЫЛ КӘСІПКЕРІ


Ауданның атын аймаққа танытып, кәсіпті нәсіп қылған ақтөбелік кәсіпкер Нұрлан Іздібаевты өз пайымымызбен «Жыл кәсіпкері» деген аталымға лайық деп таптық. Өйткені, туған ауылын түлетуді қолға алған арда азаматтың аты асқақтап тұр. Ол жай кәсіпкер емес, меценат ретінде де елге танылған тұлға. Қызметкерлерінің еңбегін ескеріп, марапат мінберіне де сан мәрте көтерді. Ол басқаратын «Ақтөбе и К» серіктестігі аймақта алғаш боп Иранның "Таром-Хошеми" күріш сортын жерсіндірді. Бұл күнде кәсіпкер бастаған бастаманы облысқа қарасты бірнеше ауылдағы қожалықтар жалғастырып отыр. Экспорттық әлеуетімізді арттырып, экономиканы нығайту жолындағы еселі еңбек бұл.

Онан бөлек, Ақтөбе ауылынан ашылғалы жатқан құс фабрикасы да талай жанның қос қолына бір күрек ұстатып, тұрақты жұмыспен қамтымақ. «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен серіктестіктің бірлесіп жасаған жобасының жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайды. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, агросаланың экспорттық қауқарын арттыруға септігін тигізетін өндірістік кешен жақын арада іске қосылмақ.

– Соя, бидай, арпа, жүгері деген дақылдардың барлығын егіп, құс фабрикасын серіктестік қамтамасыз етеді деген ойдамыз. Құрама жем зауыты салынады, – деген еді Н.Іздібаев.

Биыл егін науқанын тәмамдаған тұста «Алтын күз – 2018» салтанатты жиынында маңдайы күнге күйіп, табаны жерге тілінген еңбеккерлер кеудесінде де медаль жарқыратып, қомақты сыйақылар табысталды. Шаруашылық бойынша жалпы құны 12 млн. 500 мың теңгенің жүлде қоры тағайындалды.
03 қаңтар 2019 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930