» » ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН


Жуырда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жылды қорытындылап, Арал мен Жаңақорған аралығындағы ұстаздар қауымының еңбегін бағалады. Он екі ай бойы табанынан таусылып тер төккен ұлағаттылар қауымы атқарған еңбегіне сай «Жыл таңдауы – 2018» басқосуында марапат мінберінен көрінді. Олардың қатарында аудан ұстаздары да бар. «Cairo» мейрамханасында өткен салтанатты шараға облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Р.Байназарова және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Қасымова қатысты.

– «Алты Алаштың баласы басын қосса, төрдегі ең қастерлі орын мұғалімге тиесілі» деп, ақын Мағжан бекер айтпаса керек. Мейлі, қай саланың өкілі немесе басшысы болсын, ұстаз алдынан өтеді. Сондықтан бұл мамандық ұлық. Жаңа заман дамып, технологиялар ғасыры өріс алып, көптеген мамандық иелерінің орнын робот басуы мүмкін. Тек ұстаздарды ғана ол ауыстыра алмайды. Өйткені, тәлім мен тәрбиені өскелең ұрпақтың бойына сіңіретін осы сала мамандары. Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен толағай табыстар әкелсін, – деді облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов.
Салтанатты жиында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталғандар қатарында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Жұлдызай Молдабаева құрмет төріне шықты. Сондай-ақ, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен №111 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанна Әтеева мен №277 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Зауре Калышова марапатталды. Облыстық білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ комитеті арнайылап бірнеше ұжымды түрлі номинация бойынша мадақтады. Мерейі үстем болған білім ошақтарының қатарында №277 орта мектеп «Ынтымағы жарасқан ұжым», А.Жанпейсов атындағы №105 мектеп-лицей «Жаңашыл ойлар жаршысы», Ақай ауылындағы №279 орта мектеп «Тылсымның сырын таныған» номинацияларын иемденсе, «Білімнің бесіген тербеткен» номинациясы Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназия ұжымына табысталды. Ал Тұрмағанбет ауылындағы №29 орта мектеп «Шеберлік шыңына шыққандар» аталымына қол жеткізді.
Марапат мінберінен жекелей еңбегімен көрініп, бәйгеде аты озып жүрген мәртебелі мамандар да көрінді. Атап айтсақ, Байқоңырдағы №272 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шынзадай Халлаева «Дарынға даналық дарытқан» аталымын қанжығасына байласа, ІІІ Интернационал ауылындағы №108 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тілеуімбет Айтбаев «Бәйгеге дүлдүл баптаған» аталымын еншіледі. Ал аудандық оқушылар үйінің «Үкілі
домбыра» үйірмесінің жетекшісі Ұрхия Жұмабекова «Өсиетті өнеге» аталымының иегері атанды.
Сондай-ақ, елдегі білім саласындағы қордаланған түйіндерді назарында ұстап, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап жүрген журналистер қауымы да аталған шарада марапатталды. Әріптесіміз «Қармақшы таңы» газетінің жауапты хатшысы Дәулет Қырдан «Ұстаз жанашыры» номинациясын иеленді. Бұл қатарда Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Баян Үсейінова мен «Qyzylorda» телеарнасының қызметкері, белгілі журналист Толқын Қабылша да бар.

«ҚТ» ақпарат
26 желтоқсан 2018 ж. 1 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031