АБЫЗЫН АРДАҚтаған ауыл тойы
Бұл той бұрынғыдан өзгерек". Тап солай. Ақын рухына бағыштап қырық күн ойын, отыз күн тойын өткізу талай өңірде бой көрсетуде. Ал, әлсін-әлсін ат шаптырып, дүйім жұртты жинап ас беріп, дүркін-дүркін той өткізу тек Қармақшыда болған шығар. Мойындау керек, күздің алғашқы айларында аудан, облыс болып Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдығына арналған торқалы той өтті. Ғалымдар жиналып, жыраудың мол мұрасын талқылап, ұрпаққа қалған өнегесін таразылады. Жыраулар жыр аламанында беу-беулетіп, фестиваль өткізді. Кітаптардың тұсауы кесілді. Шашасына шаң жұқтырмаған балуандар боз кілемде айқасты. Әйтеуір дүбірлі той өтті де кетті. Жұрт солай дескен. Алайда, нағыз той алда екен. Жуырда, яғни өткен аптаның соңында Ақтөбе ауылының тумалары Тұрымбет Салқынбайұлына өзінше тәу етті. Бұрынғы тойдан өзгерек той өткізді. Ауылдықтар рухани жаңғырды.
Жаз мезгілінің соңғы айында сол ауылдың жайсаңдары бас қосты. Жай жиын емес еді бұл. Алматыдан жырау мұрасын ұрпақтан ұрпаққа өнеге етіп, еңбегін шашау шығармай жинап жүрген Тұрымбет Салқынбайұлының немересі, ақын Ибрагим Бекмаханұлын арнайы шақырды. Гәп қайда дерсің, мұндағы мақсат жырау тойын ауылда да дүбірлетіп өткізу еді. Ауыл әкімі Орынбек Мұнарбаев, "Ақтөбе и К" серіктестігінің басшысы Нұрлан Іздібаевтар бастаған болар іске қосшы болып жүрген ауыл жігіттері жоспарлай отырып, егін жиналып, қамбаға түскенде ат шаптыруды межелеген. Айтулы күн келгенде ақтөбеліктер аянып қалмады.
Сенбінің кешінде ауыл ақсақалдары мен жастары жиылып, аудандық мәдениет үйінде бас қосты. Мұндағы мақсат – ұрпақтарды рухани жаңғырту, жырау мұрасын келешектіктердің санасында тулату. Мақсат орындалды да. Ақын ұрпағы Ибрагим Бекмаханұлын төрге оздырып, ауыл ақындары мүшәйра өткізді. №109 мектеп оқушылары жыр додасы дегенде тартынуша ма еді. Талай дүлдүлді шығарған ауыл үшін өлең дегеніңіз күнделікті тірліктің ажырамас бөлшегі іспетті. Әуелі Ибрагим Бекмаханұлы ауылға деген сағынышын жырмен жеткізіп, көңіл пернесін ағытты. Біршама поэзиясы енген қос кітабының тұсауын кесіп, рухани байлыққа толы кештің шымылдығын түрді. Содан кейін мектептің оқушылары арасынан шыққан жиырма шақты жас ақын көгеннен босаған төлдердей өлеңнен шашу шашты. Бірі-бірінен өткен. Жиырма ақынның туындысын тыңдағаннан кейін Ибрагим Бекмаханұлы, мектептің мұғалімі Бану Сүйеубаева бастаған қазылар алқасы шешім шығарып, кіл мықтыдан шын мықтыны анықтады. Ақындар мүшәйрасының нәтижесі бойынша Нұрымбет Киікбаев бас жүлдені қанжығасына байласа, Аида Амангелдиева мен Назира Алмасова екінші және үшінші орындарды еншіледі. Жыр аламанына қатысқан жас ақындардың барлығы қаржылай және заттай сыйға ие болды. Содан кейін №109 мектеп директорының орынбасары Қыдырбек Сәденов, мұғалімдер Айзада Алашбаева мен Гүлназ Ешниязованың мұрындық болуымен жырау ұрпағы Ибрагим Бекмаханұлымен кездесіп, тағылымы мол жиын өтті.
Ертеңіне ауыл халқы жиылып, жырау ұрпағы Ғабит Салқынбаевтың үйінде ас берді. Т.Салқынбайұлының рухына арнап Құран бағыштап, дұға тіледі. Баба басына тәу еткендер де болды. Дүбірлі тойдың қызар шағын күткен ауыл тұрғындары әлдеқашан елді мекен жанындағы ипподромға жиналып алған. Арғысы Қаратау бөктерінен, бергісі қарт Аралдың жағалауынан ауыздықпен алысқан арғымақтарын алып, мен-мен деген атбегілер де сол маңнан табылды. Былтыр да бұл маңда аламан өткен. Топырақты Тайбурылдай тепсініп, Құлагердей мәрені бірінші кескендер ауылға еңбегі сіңген еңбеккер Ерназар Сексенбаевтың мерейтойында да көлік мініп, бағалы сыйлықты қанжығаға байлап кеткен. Бұл жолы да жыраудың торқалы тойында тыпыршыған тұлпарын алып, қанжығаны майлағалы келді талайлар. Әуелі жер тепкілегендердің қатарынан тай жарысы өтті. Алты шақырымды құраған бұл бәйгенің көркін кіргізген 12 тұяқты тұқымы ә дегеннен ипподром шаңын әуеге көтерді. Алғашқы айналымда бір-бірінің аңдысын аңдаған шабандоздар екінші айналымда аттың басын жіберді дейсің. Қиқуға басқан көрермендердің де делебесі қозып тұрды. "Тұлпарда да тұлпар бар, қазанаты бір бөлек" деген ғой, қарагер "Көзайымды" тізгіндеген бәйгенің ең жас шабандозы Бағдәулет Сейітжаппар мәре сызығын бірінші кесіп, алғашқы жүлде, 150 мың теңгені еншіледі. Олжас Жолаушыбай мінген "Нарқыз" екінші келсе, үздік үштікті түйіндеп Нұрхан Мадияров баптаған күрең қасқаны тізгіндеген Ерсайын Рахатов келді. тиісінше О.Жолаушыбай тай жетектеп кетті, Е.Рахатов 75 мың теңгені олжалады. Бәйгені ұйымдастырушылар төртінші келгенге 50 мың теңге, бесінші келгенге қой беріп, тай бәйгесін тәмамдады. "Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің" деген, нағыз аламан құнан бәйгесінде екен. Сөреге жеті құнанды тізгіндеп шабандоздар тұр. Төрешінің ысқырығы берілгеннен Еркебұлан Базарбайдың тізгініндегі "Кәусар" атаулы күрең ытқи жөнелді. Бір-біріне иін тірескен алтауды ә дегеннен әудем жерге тастады да, шабандоздың етегін жалп-жалп еткізіп қиқудың әуенімен бұрқ еткен шаң көрсетті. Екінші, үшінші айналымнан-ақ бұл доданың жеңімпазы белгілене бастады. Күрең дүйім жұрттың делебесін қоздырып әлгі алтаумен ара қашықтықты еңсере түсті. Екпіндеткен күйі бес айналымды лезде бағындырып, жөніне кетті. Олай дейтін себебім, мәрені кесе өткен соң да бірер шақырым шабандозға әл бермей шаба жөнелді. Жарыс төрешілері құнанды қақпайлай жүріп, "ашуын" қайтарған соң барып, ортаға оралды. Сонымен Еркебұлан Базарбайдың еншісінде 200 мың теңге. Әлгі алтау төрт айналымда тізгін тіресіп бағып, бесінші айналымда ғана жұбы жазылды. Нұрбек Байтабын тізгіндеген "Бақторы" бесінші айналымда ышқына алға ұмтылды да, үшіншілікке Нұрғиса Тұрсынбаевты тастады. Сол нәтиже бойынша Н.Байтабын 150 мың теңгені қанжығаға байласа, Өмірбек Саябектің "Көкбастауын" тізгіндеген Н.Тұрсынбаев тай жетектеді. Қазалыдан келген Ерасыл Қожақметов 70 мың теңге, дүроңғарлық Дидар Төлегенов 50 мың теңге жүлдені меншіктеді. Аламан бәйгенің көркін он тұлпар кіргізді. Сол ондықтың ішінде тоғызы жарау ат та, біреуі күнделікті міністің тұяқтысы еді. Сағындық Ибраев ауыл намысын қолдан бермес үшін торы төбелін сөреге жетектеп жеткізді. Жеті айналымнан тұратын аламан ә дегеннен қыза түсті. Бастапқы бес айналым тізгіндесумен өтті. Сол бес айналымның тіресуіне екі тұлпар шыдамай, жарыс жолынан шығып қалды. Әріге сегізі кетті. Аламан басын Ержан Шайрах баптаған торы қасқа "Еркетай" бастап, соңын Мағжан Сағындық тізгіндеген торы төбел түйіндеп жүрді. Аламан сол "сценарий" бойынша тәмамдалды. Бағдаулет Бақытжан мәреге бірінші келіп, ұйымдастырушылар даярлаған ту биені меншіктеді. Тиісінше екінші болып келген Дидар Төлегенов 200 мың теңгені, үшінші болып келген Бағлан Есенбек тай өгізді, төртінші келген Олжас Жолаушыбай 70 мың теңгені, Ерсайын Рахатов бестікті түйіндеп 50 мың теңгені қанжығаға байлады. Аламанның ең қызығы соңында болды. Тұқымы бөлек, тұрқы басқа тұлпарлардың соңында келсе де, мініс ат болғанына қарамай аламанның көркін кіргізіп, елді сүйсіндірген Сағындық Ибраевтың торы төбеліне де жүлде бұйырды. Елдің сүйсінгенін сезді ме, әлде ауылдың намысы жібермеді ме, әйтеуір "Ақтөбе и К" серіктестігінің басшысы Нұрлан Іздібаев шабандоз Мағжан Сағындыққа "Жеңіске деген жігері" үшін номинациясын жариялап, аяқ астынан 30 мың теңге қанжығасына байлады. Той қызығы осылай үдей түсті.
"Өлсем де тілеп жатам қабірімде, елімнің бақыты мен болашағын" деп жырлаған жырау Тұрымбет Салқынбайұлына тәу еткен ел осылайша думандатты. Айтпақшы, ауылдың атқа мінер азаматтары жарыстың қаржы қоржынын толтыруға әрқайсысы өзінше үлес қосты. Бірі – ұйымдастырушылар қолына жетелеп биесін не тайын әкеп берсе, бірі – қаржылай жүлдесін тағайындады. Бірін айт та, бәрін айт деген, торқалы той осылайша өз мәресіне жетті.

Д.Садық,
«Қармақшы таңы».
«Қармақшы таңы».