» » Бақ қонған бай өлке

Бақ қонған бай өлке

Өз басым ауданның тойы – елдіктің тойы деп есептеймін. Ұрпаққа өнеге, ұлағатты ой салатын бай тарихы, құнды шежіресі, даңқты еңбек және елдік дәстүрлері бай, өмірдің сан өткеліндегі өтпелі қиындықтарға дес бермеген, қажырлы еңбегімен, намыс-жігерімен ылғи да төске өрлеген, қойнауы – ән-жырдың асыл қазынасы, «Жыраулар отаны» деген мәртебелі атағы алыстарға тараған, Қыдыр қонып, бақ қараған қасиетті Қармақшы ауданына 90 жыл толып отыр. Сондықтан да қай кезде де дәуірдің талабымен тыныстаған, ел байлығын еселеуде даңқ тұғырын тік ұстаған, төскейіндегі мыңғырған малымен, құлпырған алтын дәнімен көркейіп, көктеп отырған жерлестерімді 90 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл аудан еңбеккерлері үшін мерекелі де, берекелі жыл болды. Күні кеше ғана ауданда атақты Сыр Сүлейі, жырау, ақын әрі сазгер Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде дүбірлеп өтті. Енді міне, мерекелі күз ауданның берекелі тойына ұласуда. Аудан диқандары егіннен мол өнім жинап, қырмандарын тау-тау астыққа толтырды. Малшылар болса, қысқа тастүйін отыр. Аудан орталығы күннен-күнге жасарып, жайнай түсуде. Елдің қазіргі көтеріңкі көңіл-күйлерінен мереке мен берекенің, ынтымақ пен бірліктің тығыз ұштаса түскендігін көруге болады.
Мерейлі мереке құтты болсын! Той тойға ұлассын!
Ибрагим Бекмаханұлы,
Қазақстан Жазушылар және Журналистер
одағының мүшесі, ҚР Ақпарат саласының үздігі.
16 қазан 2018 ж. 1 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728