ЖЫРАУ ТОЙЫ – ХАЛЫҚ ТОЙЫ
Тұрымбет Салқынбайұлы – 150
Сыр Сүлейі, атақты жырау, ақын әрі сазгер Тұрымбет Салқынбайұлының туғанына 150 жыл толған мерейтойы қасиетті Қармақшы топырағында (Жосалы кенті) республиқалық денгейде аталып өтті. Бұл сан қырлы өнер иесіне халқының ыстық ықыласы мен шынайы құрметі еш өшпейтінін тағы да көрсетті.
«Сабақты ине сәтімен» демекші, жаз айында тойға әзірлік барысы жөнінде аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың қабылдауында жырау немересі Ибрагим аға екеуміз болған едік. Сонда әкімге Тұрымбет атаның Кәрімберді қорымындағы ескі бейіті жаңғырту күтіп тұрғанын да айтқан едік. Сұлтан Ысқақұлы бұл мәселеге аса мән беріп: «Олай болса,150 жыл болған кісіден аянатын несі бар? Бейітін қайта неге көтермейсіздер? Қаржы мәселесін қарастырып көрейік», – деп көңілімізді бір көтеріп тастаған еді. Аудан басшысы сөзінде тұрды. Ол үшін аудан әкіміне үлкен рахмет! Осы жұмыстың сәтті басталуына «Ақтөбе и К» ЖШС төрағасы Нұрлан Іздібаев та жанашырлықпен қарап, қордың есепшотына жобалық-сметаға сай көзделген қаржыны дер кезінде аударып берді. Жұмыс жедел басталып кетті.Сөйтіп, кесене тұрғызуды білікті құрылыс шебері Слам Дөсекбаев өз бригадасымен бірнеше аптаның ішінде толық аяқтап шықты. Кесененің көктасы мен мрамор тақтасындағы «Тұрымбет жырау» деген айшықты жазуларды белгілі қолөнер шебері Қанибек Сәдуақасов мінсіз атқарды. Сондай-ақ, кесенені құрылыс материалдарымен жеке кәсіпкер Мәді Асарбаев қамтамыз етті. Осы азаматтарға да айтар алғысымыз шексіз.«Талайды таңырқатқан жырау едім» атты республикалық жыршы-жыраулар фестивалі жүлдегерлеріне Қор атынан сый-сияпат жасадық. Қорға бірқатар шаруашылық ұжымдары мен өндірістік кооперативтер қаржылай демеушілік жасады. Атап айтқанда, Жезқазғандағы «ОАЗИС» ӨК директоры, жерлесіміз Қуатбек Орақов, Қызылордадағы «Бабас» ӨК төрағасы Нұрмұрат Ерманов, «Жаңажол ЖШС» төрағасы Молдабек Төлепов, «Ақжар ЖШС» төрағасы Жомарт Жалғасбаев, Төребай би ауылындағы ағайындар – әкімі Сәрсенкүл Есқалива, т.б. қаржылай демеушілік жасады. Аудандағы ағайындар комиссиясы төрағасы Тұрман Омаров, орынбасарлары Әбдібек Байбарақов, Мақсұт Өтегенов, Оңалбай Бодыбаев, Асқар Мерековтерге, алматылық Қашқынбай Төлемісов, астаналық Әбжан Белесов бастаған жерлестерге, сондай-ақ, қармақшылық, байқоңырлық, ақайлық ағайындар мен жеке кәсіпкер тұлғалар – Шәмші Сейдалиев, Өміржан Махамбетов, Нұрымжан Жұмабаев, Асқар Қолдабеков, Данабек Алмашев, Алмат Мереков, Оңғар Тәжиев, Дәулет Қанатбаев, Ғабит Ыбраев, Сақи Майқанов, Азамат Телеубаев, Жақып Шопанов, Мағауия Әлиев, Таласбек Құрманбаев, тағы басқа да тілеулес жандарға Тұрымбет жырау Қоры атынан шынайы алғысымызды жеткіземіз. Жырау ата асына жайылған ақ дастархан түрлі ұлттық тағамдар мен сусындырға бай болып, қызмет көрсету сапасы көпшілік көңілінен шықты. Сол үшін «Малике ана» мейрамханасы (қожайыны Жанар Көкеева) ұжымына да көп алғыс білдіреміз.
Жалпы, Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдық торқалы тойы тек Қармақшы ауданы үшін емес, бүкіл Сыр өңірі мен кең байтақ республика халқы үшін де үлкен өнер мерекесіне айналды. Мәңгілік ел болудың негізгі өрісі – рухани жаңғыру. Сондықтан да көненің көзіңдей, алтынның сынығыңдай жыраулық-жыршылық өнерді, оның ішінде Сыр елінің мақтанышы жыраулық-жыршылық дәстүрді саф алтындай сақтаудың маңызы зор. Даңғайыр жырау Тұрымбет ата тойы жоғары деңгейдегі тағылымды шараға айналып, жас таланттардың жарқырай көрінуіне даңғыл жол ашты.Тойға жиналған халықтың ыстық ықыласы да осыны айғақтады. Той тойға ұлассын, ағайын!
Ашабек ҚИСЫҚОВ,
«Тұрымбет жырау» қорының президенті.